Fake News

Фейк: «Greenfield шайын зираттан жинайды»

Әлеуметтік желілерде танымал Greenfield шайы Нью-Йорктегі элиталық зиратта өсірілетіні туралы айтқан әйелдің бейнеролигі тарады. Бұл өтірік.

Greenfield атауы ағылшын тілінен «жасыл дала» деп аударылады. АҚШ-та кем дегенде үш елді мекен осылай аталады. Миннесота штатының әртүрлі округтеріндегі екі қала және біреуі Айова штатында.
Сондай-ақ, АҚШ-та бірнеше зират та осылай аталады: Нью-Йоркте, Огайо, Айова штаттарында және т.б.
Алайда, бұл барлық аталған жерлерде Greenfield деген атаумен сатылатын шай плантациялары бар дегеннің белгісі емес.
Брендтің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, шай Үндістан, Кения, Вьетнам, Қытай және Цейлондағы плантацияларда өсіріледі.
Сондай-ақ, сайтта шайдың нақты сұрыптарының қайда және қашан жиналатыны туралы толық ақпарат ұсынылған.
Бұл маркалы шай тек Ресейде ғана сатылады деген ақпарат та дұрыс емес. Greenfield сауда маркасы «Орими Трейд» компаниясына тиесілі, оның өнімі, әлемнің 35 еліне, соның ішінде ТМД елдеріне жеткізіледі. 
Демек, Қазақстанда танымал шайдың элиталық зиратта өсірілетіні туралы пікір – өтірік.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button