Fake News

Ескі фейк: «Педофилдер тобы қалаларды аралап, балаларды ұрлайды»

Қазақстандықтарды педофилдер тобы туралы ескі фейкпен тағы да қорқытуда. Қылмыскерлер қалаларды аралап, қашып кеткен күшікті немесе марғауды іздеуге көмектес деп балаларды алдап шақырады екен.


Бұл ақпарат Желіде 2012 жылдан бері таратылып келеді. Кейбір мәліметтерге сәйкес, оның авторы – қылмыстық есептер қатты алаңдатқан, психикалық денсаулығы нашар адам.
Содан бері педофилдер тобы туралы ақпарат Ресей мен Қазақстан тұрғындарын алаңдатуда. Мысалы, 2016 жылы бұл топ туралы ақпарат Алматыда жоққа шығарылды. 2018 жылы ҚР ІІМ педофилдер туралы ескерту фейк екенін растады. 
2018 жылы күзде қылмыскерлер туралы жалған бағдар беру жайлы Factcheck.kz қазақстандық порталы жазған болатын.
2021 жылы Ресейдің Тверь облысы мен Шығыс Қазақстанда балаларды шабуылдаушылар тобынан қорғау туралы үндеулер таратылды.
Осы жылдың басында педофилдер тобы Череповецте болды деп хабарланды. 
Демек, бұл ақпарат қазақстандықтарды кезекті мәрте қорқыту үшін таратылып отырған ескі фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button