Fake News
Елорда әуежайы хакерлік шабуыл туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді
Қазақстандықтар WhatsApp мессенджерінде Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының сайтына хакерлік шабуыл жасалып, Қазақстан арқылы транзитпен ұшқан ресейлік ұшақтарға «тоқта» сигналдары жіберілгендігі туралы ақпарат таратуда. Әуежайдың баспасөз қызметі осы жағдайға қатысты түсініктеме берді.
– Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы бүгін сағат 12:20-да nn-airport.kz сайтына бірнеше рет сұрау салу арқылы шабуыл жасалғанын хабарлады. Шабуылға тойтарыс берілді және сайттың жұмысы 13:20-да қалпына келтірілді. Сайт ешқандай хабарлама жібермейді, мұндай қызметі жоқ, – деді Астана әуежайының баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов.