Фейк: «Суық тигенде COVID-19-ға ПТР тест оң нәтиже көрсетуі мүмкін»
Қазақстандықтар ПТР-тестілер тұмау тудыратын вирустарды анықтау үшін жасалғаны туралы ақпаратпен бөлісуде. Сондықтан әртүрлі қоздырғыштардың генетикалық материалы коронавирусты анықтау кезінде жалған оң нәтиже беруі мүмкін. Бұл жалған.
COVID-19 тұмауға ұқсас белгілер тудыруы мүмкін екендігіне қарамастан, бұл аурулар әртүрлі вирустардан болады. COVID-19 SARS-Cov-2 вирусын тудырады, ал риновирустар көбінесе суық тиюдің себебі болады.
ПТР тест – бұл сенімді және нақты зерттеу әдісі. Ол белгілі бір вирустың ДНҚ немесе РНҚ болуын анықтайды. COVID-19-ға ПТР-тест SARS-CoV-2 вирусының РНҚ-н анықтайды және басқа патогендерге әсер етпейді. ПТР-тест қажетті вирустың РНҚ үлгісінде анықтауға және бірнеше рет көбейтуге негізделген. Егер биоматериалда вирустың РНҚ жоқ болса, онда реакция болмайды.
Демек, тұмау коронавирусқа оң нәтиже бере алмайды.
ПТР тестілеуді COVID-19 диагнозын қою үшін ДДСҰ және АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы ұсынған.
Бұған дейін біз ПТР-тестілер КВИ-ді тұмаудан ажырата алмайды деген фейкті жоққа шығардық
Фейк:«АҚШ ПТР сынақтарын қолданылмайды, өйткені олар КВИ-ді тұмаудан ажырата алмайды»