Fake News

Негізсіз: «Физиологиялық ерітінді мен лидокаин құрамы жағынан COVID-19 қарсы вакциналармен бірдей»

Қазнетте тараған видео авторы физиологиялық ерітінді және лидокаин сияқты кейбір препараттар құрамы жағынан COVID-19 қарсы вакциналармен бірдей және оларда графен оксиді мен микросхемалар бар деп мәлімдейді. Бұл жалған.


COVID-19 қарсы вакциналарда графеннің және оның туындыларының, чиптердің, нанороботтардың, магниттік бөлшектердің және басқа да жоғары технологиялық құрылғылардың болуы туралы теориялар конспирологиялық және ешқандай дәлелдері жоқ.
Көрермендерді графен мен чиптердің вакциналарда бар екендігіне сендіруге тырысқан видео авторы Пабло Кампраның зерттеуіне сүйенеді, ал біз ол туралы жазған болатынбыз. 
Оның жұмысын ғылыми деп санауға болмайды, өйткені ол зерттеген материалдың нақты COVID-19 қарсы вакцина екендігіне, жабдықтың тиісінше калибрленгеніне және т.б. дәлелдейтін басты элементтер жоқ. Пабло Кампра өз зерттеуінде атап өткен Альмерия университеті бұл жұмысқа және ондағы тұжырымдарға қатысы барын ресми түрде жоққа шығарды. Сондай-ақ, Пабло Кампра зерттеуді вакцинацияға қарсы белгілі тұлға және covid-диссидент Рикардо Делгадоның тапсырысы бойынша жүргізгенін атап өткеніміз жөн.
Демек, Пабло Кампраның зерттеуі негізінде вакциналарда графен немесе чиптер бар деп айту мүмкін емес.
Физиологиялық ерітінді немесе натрий хлориді құрамы бойынша COVID-19 қарсы вакциналармен бірдей деген болжамдар мүлдем ғылымға қарсы. Натрий хлоридінің құрамына белсенді зат ретінде литріне 9 грамм натрий хлориді және инъекцияға арналған су кіреді.
Лидокаиннің құрамы да COVID-19 қарсы вакциналардың құрамынан айтарлықтай ерекшеленеді. 1 мл лидокаиннің құрамында белсенді зат ретінде лидокаин гидрохлориді және қосымша зат ретінде натрий хлориді, натрий гидроксиді ерітіндісі және инъекцияға арналған су болады.
COVID-19 қарсы вакциналардың құрамы көпшілікке қол жетімді. Олармен толығырақ мына жерден танысуға болады:
Pfizer/BioNTech;

Moderna;

Janssen;

AstraZeneca;

Sputnik V;

Hayat-Vax (Sinopharm);

QazVac;

CoronaVac.

Яғни, физиологиялық ерітінді, лидокаин және COVID-19 қарсы вакциналардың құрамы өзгеше. Осы препараттардың ешқайсысында графен, оның туындылары, наночиптер, роботтар немесе басқа да жоғары технологиялық құрылғылар жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button