Fake News

Қазақстандықтар «ИГИЛ қоңыраулары» туралы фейк таратуда

WhatsApp мессенджерінде пайдаланушылар ИГИЛ террористік ұйымының өкілдері қоңырау шалуы мүмкін нөмірлер тізімі бар және басқа да жіберілген суреттерді өшіруге шақыратын хабарлама таратуда. Бұл фейк.

Мұндай хабарламалар Ресей мен Тәжікстанда тараған.
Таратылған хабарламаны екіге бөлуге болады. Біріншісі қайырлы таң, күннің жақсы өтуін және т.б. тілектер жазылған суреттерге қатысты. Оларда «фишинг кодтары» болатындықтан, мұндай хабарламаларды өшіру керек. Бұл ақпарат расталмайды. Оның үстіне, фишингтік схемалар басқаша жұмыс істейді. Бұл туралы және кибер алаяқтардың құрбаны болмау жайлы біз бұған дейін жазған болатынбыз.

Фишингтік сайттарды қалай тануға болады және олар неге қауіпті

Хабарламаның екінші бөлімінде ИГИЛ өкілдерінің телефон нөмірлері бар. Хабарламада бұл нөмірлерден қоңыраулар түсуі мүмкін, жауап берілсе, олар бірден үзіледі делінген. Егер пайдаланушы қайта қоңырау шалса, онда оның телефонынан барлық контактілер мен банк карталары туралы ақпарат көшіріледі екен. Бұл да өтірік. Дегенмен, бұл нөмірлерден қоңыраулар түсуі мүмкін. Бұл алаяқтардың ісі.
Factcheck.tj шабуылдаушылар қолданатын схеманы былай сипаттайды. Сіздің телефоныңызға көрсетілген нөмірлерінің бірінен қоңырау түседі. Телефонды алғаннан кейін қоңырау үзіледі. Егер қайта қоңырау шалсаңыз, онда бұл халықаралық қоңырау болып саналады және алаяқтар одан ақша табады. Мұндай схема wangiri деп аталады.

Демек, таратылған хабарламада бірқатар фейк мәлімдемелер бар. Біріншіден, қайырлы таң тілектері бар суреттер қауіп төндірмейді; екіншіден, көрсетілген нөмірлерден келім түсетін қоңыраулардың террористік ұйымға қатысы жоқ, алайда пайдаланушыларға белгісіз нөмірден жауапсыз қоңырау қалдырылатын алаяқтық схема бар.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button