Fake News

Фейк: «Стоунхендж 1950 жылдары салынған»

Қазнетте бұған дейін Желінің ағылшын тілді сегментінде кеңінен тараған видео жарық көрді. Онда ежелгі монументтердің бірінің «құрылысының» суреттері көрсетілген, бұл оның 1950-ші жылдары салынғанын және адамдарды алдап, тарих ескерткіші ретінде ұсынылатынын дәлелдейді екен. Бұл жалған.


Стоунхендж – Уилтширдегі Солсбери жазығында орналасқан жаппай тас кешені. Ғалымдардың пікірінше, монумент тас дәуірінде, неолит кезеңінде, шамамен б.з. д. 3000 жылы салына бастаған. Оны діни рәсімдер өткізу үшін салған деп болжануда.
Монументтің «құрылысы» көрсетілген фотосуреттерді танымал Historic England ғылыми порталынан табуға болады. Суреттердің сипаттамасында олардың барлығы дерлік 1919-1920 жылдары және 1950 жылдары қалпына келтіру жұмыстары кезінде түсірілгендігі айтылған.

Ол кезде құлаған тастарды крандармен көтеріп, орнына қайта қойып, күшейтті. 1959 жылы №60 таста уақыт өте келе пайда болған қуысты бетон құйып, бітегені рас. Бұл ескерткіштің бұзылуын болдырмау үшін жасалды. 
Демек, қазақстандық Telegram-чаттарда талқыланған видео архитектураның ең көне ескерткіштерінің бірінің қолдан жасалғанын дәлелдемейді. Бұл теорияны шетелдік фактчекерлер де жоққа шығарған болатын.
Қазақстандықтар сеніп қалған бұдан басқа да фейктер бар. Осыған ұқсас басқа жалған мәлімдемелер туралы біз жазған болатынбыз.

Адамдар осы күнге дейін сенетін тарихи фейктер: StopFake тесті

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button