Фейк: «Спутник- V» егілгендердің «жасыл» мәртебесі 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылады
Әлеуметтік желілерде биыл көктемде «Спутник-V» вакцинасын алған адамдар 1 қаңтардан бастап «жасыл» мәртебесін жоғалтады деген ақпарат таратылуда. Бұл жалған.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды.
– Қандай вакцинамен егілгеніңізге қарамастан, Ashyq жүйесіндегі «жасыл» мәртебе екінші компонентті алған сәттен бастап бір жыл бойы сақталады. Яғни, егер вакцинаның екінші дозасын, мысалы, 2021 жылғы 30 сәуірде алсаңыз, онда «жасыл» статус 2022 жылғы 30 сәуірге дейін сақталады, – деп түсіндірді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.
Демек, вакцинацияланған адамдар 2022 жылдың басында Ashyq жүйесінде «жасыл» мәртебесін жоғалтады деген ақпарат фейк болып табылады.
Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіз.