Fake News

Фейк: «ДДСҰ басшысы бірінші кезекте үшінші әлем елдерінде қарттарды өлтіру керек деп мәлімдеді»

Қазақстандық Telegram-чаттарда қолданушылар ДДСҰ басшысы Тедрос Гебрейесус «үшінші әлем елдерінде қарттарды өлтірген дұрыс» деп мәлімдеді деп жазуда. Шындығында, ол мұндай мәлімдеме жасамаған.


Мұндай фейктер биыл 22 желтоқсанда өткен баспасөз брифингінде Гебрейесустың қате айтқан сөзіне негізделген.
Ол Children сөзін (чилдрен – балалар, анг.), «Килдрен» деп айтты. Алайда ДДСҰ басшысы өз қателігін бірден түсініп, сөзін түзетті. Нәтижесінде ол «кил-чилдрен» (балаларды өлтіру – анг.) деген сияқты болды. Оның қателескенін және Тедрос Гебрейесус кісі өлтіру туралы айтпағанын сол күні кешке ДДСҰ баспасөз қызметі хабарлады. Біз бұл туралы бұған дейін толығырақ жазған болатынбыз.

Фейк: «ДДСҰ басшысы вакциналар балаларды өлтіреді деп мәлімдеді»

Бұл жағдайға қатысты толық түсініктеме берілгеніне қарамастан, вакцинацияға қарсы адамдар оны әлі де талқылауда. Олардың пікірінше, ДДСҰ басшысы мүлдем қателеспеген, ол балаларды вакциналармен өлтіру дұрыс емес, алдымен үшінші әлем елдеріндегі қарттарды өлтіру керек деп мәлімдеген.
Бұл олай емес. Тедрос Гебрейесус бұлай айтпаған, ДДСҰ-ның ресми сайтында оның сөзінің толық транскрипциясы жарияланған. Ол әлемде вакциналардың тең үлестірілуі және COVID-19 жұқтырған жағдайда оның ағымы нашарлауы мүмкін халықтың ең осал топтарын –қарт адамдар мен созылмалы аурулары бар адамдарды иммундауға басымдық берілуі тиіс деп мәлімдеді.
Демек, ДДСҰ басшысының үшінші әлем елдерінде қарттарды өлтіруге шақырғаны туралы сөзі фейк. Тедрос Гебрейесус кісі өлтіру туралы айтқан жоқ, ал бұл туралы мәлімдегені жайлы ақпараттар оның шатасып айтқан сөзіне негізделген.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button