Манипуляция: «ДДСҰ балаларды вакцинациялауға қарсылық білдірді»
Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар ДДСҰ балаларды жаппай вакцинациялауға қарсы шыққандығы туралы ақпарат таратуда. Бұл туралы ұйымның Бас директоры биылғы соңғы баспасөз маслихатында мәлімдеген екен. Бұл жалған.
Баспасөз маслихаты 22 желтоқсанында өтті. Тедрос Гебрейесустың сөйлеген сөзінің толық мәтіні баршаға қол жетімді. Сондай-ақ, ДДСҰ сайтында ұйым басшысы сөйлеген сөзден кейін 22 желтоқсанда жаңартылған COVID-19қарсы вакцинаның үдеткіш дозалары туралы аралық мәлімдемені табуға болады.
Гебрейесустың сөзінің мәтінінде де, аралық мәлімдемеде де ДДСҰ балаларды вакцинациялауға қарсы деп айтылмаған. Онда әлемде вакциналарды үлестірудегі теңсіздікті жою үшін дені сау ересектер мен балаларды ревакцинация қарқынын уақытша төмендету керек делінген.
«Екпе дозаларын тәуекелі төмен халық топтарын бастапқы иммундау үшін қолданудан гөрі тәуекелі жоғары топтарға үдеткіш дозаларды егу арқылы өлім-жітімді барынша азайтуға қол жеткізуге болады. Маңыздылығы сәл төмендеу жас топтарына вакцинациялау ұсынысы мен оны үлестірудің ұлғаюына қарай, әлдеқайда жас халықты бастапқы иммундаумен қамтуды кеңейтумен салыстырғанда қаупі тәуекелі жоғары топтарды бустерлік екпемен вакцинациялаудың басымдығына қатысты ымыраға келуге болады», – делінген мәтінде.
Демек, ДДСҰ мамандары балаларды жаппай вакцинациялаудан бас тартуға шақырмайды, тек бірінші кезекте жас және дені сау адамдарға ревакцинация жүргізудің орнына осал топтарды, мысалы, зейнеткерлер мен созылмалы аурулары бар адамдарды вакцинациялауды ұсынады.