Манипуляция: «Pfizer жанама әсерлер үшін заңды жауапкершілік жүктелетін елдерге мРНК вакциналарын жеткізбейді»
Әлеуметтік желілерде Pfizer жанама әсерлер болған жағдайда өндірушіні сотқа беру мүмкіндігі бар елдерге вакцина ұсынбайды деген ақпарат таратылуда. Бұл ақпаратта манипуляция белгілері бар.
Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратта Дүниежүзілік банк президенті Дэвид Р.Малпасстың: «Pfizer жауапкершілік мәселелеріне байланысты кейбір елдерге жеткізуге батылы бармайды» деген сөзі келтірілген.
Бұл сөз Bloomberg-тің 2021 жылғы 6 қаңтардағы сұхбатынан алынған. Дэвид Малпасс журналистермен COVID-19 пандемиясының кедей елдерге әсері және вакциналардың жаһандық таралуы мәселелерін талқылаған.
Малпасс қазіргі кезде Дүниежүзілік банк вакциналарды кедей елдерге тасымалдау кезінде суық тізбекті сақтауға мүмкіндік беруге ықпал ететінін айтты.
«Бұл жұмыс әлемнің 100 елінде жүргізілуде. Келесі қадам нақты келісімшарттар болады. Мәселелердің бірі – жалпы келісімшарт жасау. Біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Тағы бір өзекті мәселе – өтемақы. Pfizer жауапкершілік мәселелеріне байланысты кейбір елдерге баруға батылы жетпеді. Сондықтан Pfizer-ге көмектесу үшін біз сол елдермен жұмыс істеп жатырмыз. Кейбір басқа өндірушілер еншілес компанияларда жұмыс істейді», – деді Дүниежүзілік банк президенті.
Айта кетейік, кез келген елде кез келген вакцинаны қолдану өндірушінің белгілі бір мемлекеттің нарығына шығу және онда препаратты тіркеу туралы өтінішінен кейін жүзеге асырылады. Бұл ретте елде өз вакцинасының болуы үлкен рөл атқарады. Тіркеу процесі көптеген факторларға, соның ішінде мемлекет заңдарына байланысты.
Кейбір елдерде Pfizer/BioNTech вакцинасының тіркелмегені және пайдаланылмайды. Бұл дәрі-дәрмек қауіпсіздігі мен тиімділігіне күмән келтіргендіктен емес.
Мысалы, Sinopharm тек екі елде ғана – БАӘ мен Қытайда, КовиВак – Ресейдің өндіруші елінде ғана, қытайлық Convidicea препараты Қытайдың өзінде, Мексикада, Пәкістанда және Венгрияда қолданылады.
Pfizer/BioNTec вакцинасы бүгінде Албания, Аргентина, Бахрейн, Ұлыбритания, Израиль, Иордания, Ирак, Канада, Катар, Колумбия, Кувейт, Коста-Рика, Малайзия, Мексика, БАӘ, Оман, Панама, Сингапур, АҚШ, Филиппин, Чили, Эквадор, Андорра, Нидерланды (Аруба аралдары), Бразилия, Гонконг, Жапония, Ливан, Лихтенштейн, Монако, Жаңа Зеландия, Македония, Руанда, Сент-Винсент және Гренадиндер, Оңтүстік Корея, Суринам, Ватикан, Австралия, Сауд Арабиясы, Швейцария, ЕО, Норвегия, Исландия, Фарер аралдары, Гренландия, Сербия елдерінде пайдаланылады.
Сонымен қатар, жыл басында Pfizer вакцинаның 40 миллион дозасын кедей елдерге, сондай-ақ табысы орташа мемлекеттерге жеткізуге уәде берді. Бұл міндеттемелер ДДСҰ COVAX бастамасы аясында қабылданды.