Fake News

Манипуляция: «Pfizer құжаттарында вакцинадан көз жұмған 1200-ден астам адам туралы айтылады»

Әлеуметтік желілерде Pfizer компаниясының өз деректерінде 2020 жылдың 3 айында вакцинадан 1200-ден астам адам қайтыс болды деп көрсетілгені жайлы ақпарат тарады. Авторлар қандай құжатқа сүйенеді және бұл ақпарат неге шындыққа жанаспайды, талқылайық.

«Pfizer-дің 2020 жылдың желтоқсанынан бастап вакцинадан қанша адамның (1200+) қайтыс болғандығы туралы жеке мәліметтері. Pfizer және FDA адамдардың өліп жатқанын біле тұра, препаратты қолдануға рұқсат берді» – құжаттың сканерленген көшірмесінде осындай мәлімдеме жазылған.
Сонымен, бұл қандай құжат. Белгілі болғандай, құжаттың 91 беті – бұл Азық-түлік және дәрі-дәрмектер басқармасы (FDA) университет ғалымдарының сұрауына жауап ретінде жариялаған ақпарат. Олар сот арқылы FDA-дан COVID-19-ға қарсы Pfizer вакцинасын лицензиялау кезінде Басқарма негізге алған мәліметтерді ұсынуды сұраған.

Ғалымдардың пікірінше, ақпаратты жариялау скептиктерді вакцинацияның шынымен «қауіпсіз және тиімді» екендігіне сендіруге септігін тигізеді. Бұл Pfizer вакцинасына деген сенімді арттырады.
Сұралған құжаттар шамамен 329 000 парақтан тұратындықтан, ол бөліп-бөліп жарияланады.
Енді жарияланған құжаттың мазмұнына көшейік. Онда вакцинациядан кейінгі жанама әсерлер туралы есептерге талдау жасалған. 2020 жылғы 1 желтоқсанынан 2021 жылғы 28 ақпанға дейін әртүрлі жанама әсерлермен байланысты 42 086 науқас тіркелді және вакцинациядан кейін 1223 адамның көз жұмғаны жайлы айтылады.

Алайда, фармацевтикалық компанияның хабарлауынша, жанама әсерлер туралы есептердің шамамен 40%-ын растау «медициналық емес» болып табылады. Pfizer құжатында көрсетілген көрсеткіштердің басым бөлігі сарапшылар мен реттеуші топтардан келіп түскен, оның ішінде еуропалық денсаулық сақтау ұйымдары мен VAERS жүйесінен.
VAERS – АҚШ-тың вакциналардың жанама әсерлері туралы хабарламалар жүйесі. Ол баршаға қол жетімді: кез келген пациент немесе медициналық маман жанама әсер туралы хабарлама жібере алады. Есептерде вакциналармен байланысты ешкім тексермейді. VAERS сайтында «есептерді вакцинаның қолайсыз жағдай немесе ауру тудырғанын анықтау үшін қолдануға болмайды» деп ескертілген. Нақтырақ айтқанда, онда «толық емес, дәл емес, кездейсоқ және расталмаған ақпарат қамтылуы мүмкін».
Демек, бұл көрсеткіштер вакцинаны шұғыл пайдалануға рұқсат берілгеннен кейін үш ай ішінде қайтыс болу фактілерінің белгісі, бұл олардың вакцинациямен байланысын растамайды. Яғни, адамдардың вакцинациядан көз жұмғаны туралы мәлімдеме манипуляция болып табылады.
«Біз COVID-19 қарсы вакцинамен байланысты жанама әсерлерге баса назар аударамыз. Осы сияқты барлық жағдайлар мұқият қадағаланады және жаһандық реттеуші органдармен бөлісу үшін тиісті ақпарат жиналады. Pfizer, BioNTech және денсаулық сақтау органдарының қазіргі қауіпсіздік шолуларына сүйене отырып, біздің вакцина COVID-19 инфекциясының алдын алу үшін пайдасы мен қаупінің оң профилін сақтап отыр. Бүгінгі таңда біздің вакцинамен миллиондаған адам егілді. Айта кетейік, өкінішке орай, ауыр жанама әсерлер, соның ішінде вакцинамен байланысты емес өлім жағдайлары, жалпы халық арасында болатын жағдайлармен бірдей қарқында», – деп түсіндірді Pfizer өкілі Lead Stories-ке арналған электронды хатта.

Ересектер мен 12 жастан асқан жасөспірімдерге арналған Pfizer/BioNTech вакцинасының қауіпсіздігін растайтын клиникалық зерттеулердің нәтижелерін АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) ресми сайтынан көруге болады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button