Fake News
Балаларға медициналық қолғап киюдің қажеті жоқ – ҚР ДСМ
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов балалардың медициналық қолғап киюі туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды Елорда Инфо.
«Балаларға медициналық қолғап киюдің қажеті жоқ. Бұл – әлеуметтік желілерде тарап жүрген жалған ақпарат. Ал мектеп жасындағы балалар бетперде тағуы керек. Өйткені статистика бойынша олар ересектерге қарағанда сирек ауырғанмен, вирус тасымалдаушы болуы мүмкін», – деді ол.
Оның айтуынша, оқушыларды медициналық бетпердемен қамтамасыз ету бюджет есебінен қарастырылмайды. Дегенмен ол бұл сұрақты ведомство басшылығына жеткізетінін тілге тиек етті.