Fake News

Жаңа жылдық мифтер мен фактілер

Ең сиқырлы мереке Жаңа жылға қатысты аңыздар мен болжамдар көп. Олардың басы бөлігі бұрыннан бар, тіпті Жаңа жыл кейіпкерлері қайдан шыққан, кейбір дәстүрлер неден басталған деп ешкім ойланбайды. Бірақ Stopfake.kz жаңажылдық ғажайыпқа және біз тексерген фактілерге сенуге шақырады.

 

Ақшақар бұрыннан бар ма?

Жаңажылдық кейіпкерлерден, дәлірек айтсақ, Аяз атаның немересі – Ақшақардан бастайық. Ақсақал сиқыршы онсыз ертеңгіліктер мен корпоративтерге бармайтын сияқты. Бірақ бір жарым ғасырға жуық уақыт бұрын Аяз ата көмекшісіз жүрген екен. Ақшақарды 1873 жылы драматург Александр Островский ойлап тапқан. Императорлық Мәскеу театрларын басқару комиссиясы оған жаңажылдық пьесаға тапсырыс берген, осы шығармада жаңа кейіпкер алғаш рет шығады. Біз білетін Ақшақардың прототипі фольклор жинаушы Афанасьевтің кітабындағы Снегурка немесе Снежевиночка болған. «Снегурка (Снежевиночка) қардан туылғандықтан осылай аталды…», – делінген кітапта.

1937 жылы мәскеулік Одақтар үйінде КСРО-ның бас шыршасында Ақшақар Аяз Атаның көмекшісі ретінде таныстырылды.

 

«Оливье» салатының дұрыс рецептісі

Екінші миф дәстүрлі жаңажылдық салат «Оливьемен» байланысты. Жаңа жылда бұл салатты өнеркәсіптік көлемде дайындайды. Оның құрамында міндетті түрде көк бұршақ, тұздалған қияр, піскен картоп, пісірілген шұжық, жұмыртқа және майонез боулы керек. Әрине, әр әйелдің бұл салатты әзірлеудің өзіндік құпиясы бар, бірақ айтарлықтай айырмашылығы жоқ.

алайда 1894 жылғы 31 наурыздағы № 6 «Наша пища» журналында жарияланған ең алғашқы рецептте салат құрамына қуырылған шіл, картоп, қияр, каперс, зәйтүн, «Соя-кабуль» соя тұздығы қосылған Провансаль тұздығы кірген.

Аспазшы Д. И. Бобринскийдің 1913 жылғы кітабындағы рецепт бойынша салаттың құрамында жабайы құс немесе тауық еті, картоп, пикули (маринадталған көкөністер), жұмыртқа, латук салаты, майонез және соя-кабуль тұздығы болған.

Оливье салатының нақты құрамы белгісіз. Оны салатты ойлап тапқан француз Люсьен Оливье ғана білген. 1860 жылдардың басында ол Мәскеуде Эрмитаж мейрамханасын ашқан. Ал рецептті ешкімге айтпаған.

 

Лапландия бар ма ?

Адамдардың көбі Лапландия – бұл Аяз Ата тұратын және Жаңа жыл қарсаңында сыйлықтарын ала шығатын ел деп санайды. Шындығында, Лапландия – бұл нақты географиялық нүкте. Бұл Швеция, Норвегия, Ресей елдерімен шектесетін және Балтық теңізі шаятын Финляндияның солтүстігіндегі халқы аз провинция.

 

«Қуаныш сыйлап жан-тәні…

Ортаға бүгін келіп тұр…»

Шыршаға да бұрын ойыншықтар мен гирляндалар ілінбеген. Жаңажылдық ағаш 17 ғасырдың бірінші жартысында Германия мен Балтық жағалауында безендіріле бастады. Бұтақтарға алмалар іліп, шамдар жаққан. Кейіннен тәттілер мен жаңғақтар қолданылды. Аңыздардың біріне сәйкес, алғашқы шыны шырша ойыншықтарының пайда болуы 1848 жылы Германияда алма өнімінің болмауымен байланысты. Сонда Тюрингияда Лауша елді мекенінде шыны жасаушылар шыныдан «алма» жасап, сатқан. Кейіннен бұл дәстүрге айналып, басқа елдерге де таралды.

Ал электр гирлянда америкалық телеграфшы Ральф Морристің арқасында шыршаны безендіру үшін қолданыла бастады. 1970 жылдардың соңында ол шырша бұтақтарына телефон пультінде пайдаланылатын кішкентай сигналдық электр шамдарының жіптерін ілген. Бұл идеяны өндірушілер бағалап, қабылдайды. Көшедегі алғашқы жаңажылдық гирлянда 1895 жылы АҚШ-та жасалды. Ол Ақ үйдің алдындағы шыршаны безендірі үшін пайдаланылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button