Fake News
Алаяқтар Қарағанды облысы әкімінің атынан жалған хабарлама таратуда
WhatsApp мессенджерінде Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевтың жалған аккаунты пайда болды. Бұл аккаунттан қаржылық көмек сұраған хабарлама таратылуда. Бұл жалған аккаунт, ұсынылған сілтемелер бойынша өтпеңіздер және ешкімге ақша аудармаңыздар.
Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі тарағалған хабарламаға қатысты түсініктеме берді.
«WhatsApp мессенджерінде Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың атынан ақша сұраған хабарлама тарады. Бұл фейк. Бұл интернет-алаяқтардың ісі.
Жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді сұраймыз, ақша аудармаңыздар және күмәнді сілтемелер бойынша өтпеңіздер», – деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.