Тамақ мифологиясы: майлы тамақ өкпеге пайдалы. Бұл рас па?
Әлеуметтік желілерден майлы тағам өкпеге пайдалы деген газетте жарық көрген мақаланың суретін кездестіруге болады. Жазбаның авторы дәрігерлер адамдарды майды шамадан тыс тұтыну қаупі деп ескерте отырып, қателеседі дейді. Бұл мәлімдеме –манипуляция. Неге екенін StopFake.kz түсіндіреді.
Газетте майлар өкпе сурфактантантын нәрлендіру және нығайту үшін қажет делінген. Бұл альвеолалардың ішіндегі ерекше зат. Ол құрсақта, туылғанға дейін бірнеше апта бұрын қалыптасады. Сурфактант орындайды бактерицидті және иммуномодульдеуші функцияларды атқарады, ісінуді кедергіні қалыптастырады және альвеолярлық эпителийдің үстіртін тартылуын азайтып, альвеолалардың жабысуына жол бермейді. Ол шынымен фосфолипидтерден, яғни майлар мен ақуыздан тұрады. Алайда, майлы тағамдарды тұтыну абсолютті денсаулыққа кепілдік бере алмайды.
Көп жағдайда сурфактант шала туылған нәрестелерде толық дамымайды. Бұл жағдайда дәрігерлер «сурфактантты терапияны» жүргізеді – жасанды түрде қалыптастырылған сурфактант тікелей трахеяға енгізіледі..
Ересектерде сурфактант жетіспеушілігі сирек кездеседі, дегенмен бұл жедел респираторлық дистресс синдромына әкелуі мүмкін. Бұл ауруды емдеудің ғылым мойындаған әдістерінің ешқайсысына майды тұтыну немесе оны басқаша қолдану жатпайды.
2019 жылы австралиялық ғалымдар майды шамадан тыс тұтыну демікпені нашарлатуы немесе оның туындауына себеп болуы мүмкін екендігін дәлелдеген зерттеулер жүргізді. Тәжірибе көрсеткендей, артық салмағы бар адамдардың өкпесінде тыныс алу жолдарының құрылымын өзгертетін және тыныс алуды қиындататын май болады.
Бірақ майлардың пайдасын да жоққа шығаруға болмайды. Денсаулық пен өзімізді жақсы сезіну үшін майлар өте қажет. Бірақ липидтердің барлық түрі адамдар үшін пайдалы еместігін білуіміз керек. «Жақсы» майлардың екі түрі бар: полиқанықпаған және моноқанықпаған. Олар өсімдік майларының, жаңғақтардың, тұқымдардың, авокадоның, балықтың, сояның, балдырлардың және басқа да бірқатар тағамдардың құрамында көп болады. Зиянды қаныққан және транс майлар фаст-фудта, сүт өнімдерінде және қызыл етте кездеседі.
ДДСҰ ұсынысына сәйкес, «дұрыс» майлар тағамның жалпы калориясының 15-30% құрауы керек.
Демек, дәрігерлер адамдарды майларды шамадан тыс тұтынудан сақтануға үндеп, қателеспеген. Липидтердің белгілі бір түрін шектеулі мөлшерде қолдану арқылы денсаулықты нығайтуға болады. Майлы тағамдарды бақылаусыз жеу арқылы семіздікке ұшырау оңай, өкпеге, жүрек-қан тамыр жүйесіне және тірек-қимыл жүйесіне зиян келуі мүмкін.