Fake News

Фейк: «COVID-19 қарсы егілгендердің шамамен 10%-нда жүрек-қан тамырлары аурулары болады»

Әлеуметтік желілерде канадалық дәрігер Алан Шумейкердің COVID-19 қарсы вакцинаның жанама әсерлері туралы айтқан сөзінен үзінді таралуда. Оның айтуынша, екпеден кейін адамдардың 5-9%-ында жүрегіне зақым келтіреді. Ал миокардит диагнозы қойылғандардың жартысы 5 жыл ішінде қайтыс болады. Мұндай мәлімдемелерге ғылыми негіз жоқ, олар жалған.


Онтариодағы отбасылық дәрігер Алан Кристофер Шумейкер COVID-19 пандемиясы туралы жалған ақпаратты жиі таратады. 2023 жылдың қаңтарында оның медициналық лицензиясы тоқтатылды. Бұған дейін ол Канадада коронавирусқа қарсы егілгеннен кейін 2 ай ішінде 80 дәрігер кенеттен қайтыс болды деп мәлімдеген. Францияның AFP ақпарат агенттігі бұл фактілерді тексерді. Олар некрологтар мен жаңалықтар ленталарын зерттеп, канадалық медициналық қауымдастыққа сауал жолдаған. Барлық деректер ақпараттың жалған екенін көрсетті.
Сондай-ақ, онтариолық дәрігер SARS-CoV-2 вирусына қарсы вакциналар иммундық жүйені бұзып, өлімге әкелетінін айтты. Бұл Moderna және Pfizer вакцинацияларына қатысты айтылған.  Канададағы Қоғамдық денсаулық сақтау және АҚШ-тағы Nebraska Medicine вакциналарға мониторинг жүргізіп, оларды қауіпсіз деп жариялады. Екпелер ағзаға зиян тигізбейді, ДНҚ-ны өзгертпейді, тек вирусқа қарсы бағытталған.
Шумейкер айтқан миокардит – бұл жүрек бұлшықетінің қабынуы. Осыған байланысты жүректің қанды айдауы нашарлайды. Ауру вирустардан туындайды, оның ішінде SARS-CoV-2 ғана емес. Жақсы емделеді. Бірақ дәрігерге уақытылы жүгінбесе, асқынып кетуі мүмкін.
COVID-19 қарсы вакцинациядан кейін миокардит болуы мүмкін екенін медициналық зерттеулер де көрсетті. Бірақ мұндай жанама әсері өте сирек кездеседі және бірнеше апта ішінде жойылады. Сонымен қатар, Роберт Кох институты коронавирустық инфекцияны жұқтырудың адам денсаулығына тигізетін кері әсері вакцинация қаупінен әлдеқайда жоғары деп мәлімдеді.

COVID-19 қарсы вакцинация Шумейкер айтып отырғандай көп адамдарда жүрек-қан тамырлары ауруларын тудыратынына ғылыми дәлелденген бірде-бір факті жоқ. Оның барлық мәлімдемелері медициналық тұрғыдан дәлелденбеген және адамдарды шатастырады.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button