Fake News

Маңғыстаудағы иттер төбелесінің видеосы үш жыл бұрын түсірілген

Instagram-да иттер төбелесінің видеосы жарияланды. Жануарларды қорғаушылардың пайымдауынша, ол жақында Жаңаөзенде түсірілген. Маңғыстау полициясы бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Маңғыстау облысы ПД хабарлауынша, кадрлар 2017 жылы түсірілген. Бұл туралы Lada.kz жазды.

– Бір ер адам телефонынан иттердің төбелесінің видеосын тауып алып, оны әлеуметтік желіде Stories-те жариялағанын айтқан. Біздің қызметкерлеріміз өңір аумағында заңсыз іс-шаралардың өткізілмеуін қадағалайды, – деп хабарлады Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дәлел ретінде тәртіп сақшылары видео авторы оны үш жыл бұрын Батыр кентінің маңында түсіргенін баяндаған ролик жариялады.

Қазіргі кезде Қазақстанда «Жануарларға жауапты қарау туралы» заң жобасы әзірленуде. Құжатта жануарлар төбелесін өткіуге тыйым салу қарастырылған. Оның мәтінімен мына жерде таныса аласыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button