Манипуляция

Жалған: «Жаңа Барби қуыршағын бастан-аяқ түк басқан»

Қазақстандықтар Instagram-да жаңа Барби қуыршағын талқылауда. Оның денесін бастан-аяқ түк басқан, сондай-ақ онымен бірге бір реттік ұстара сатылады екен. Шын мәнінде бұл не? Тексерейік.

Әлеуметтік желіде көрсетілген ойыншық бар. Бірақ бұл Барби қуыршағы емес. Бұл ересектер көңіл көтеру үшін ойын-сауықтарға сатып алатын ойыншық. Денесін түк басқан қуыршақ Shave and play Borbie деп аталады және Желіде сатылады. 
Барби қуыршақтарының ресми және жалғыз өндірушісі Mattel компаниясының түкті ойыншық шығаруға ешқандай қатысы жоқ. Олардың сайтында мұндай қуыршақ туралы жазылмаған.
Қорыта айтқанда, таралған ақпарат жалған. Денесін түк басқан қуыршақ бар, бірақ ол Барби қуыршағы емес, балалар ойыншығы да емес, әзіл ретінде шығарылған зат.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button