Fake News

Фейк: «Қытайда SARS-CoV-2 коронавирусын ешқашан оқшауланбаған»

Әлеуметтік желілерде кейбір пайдаланушылар SARS-CoV-2 коронавирусы ешқашан бөлінбеген деген теорияны әлі де алға тартуда. Бұл жолы Қытайдың Ауруларды бақылау және олардың алдын алу орталығының өкілі NBC телеарнасының эфирінде осындай мәлімдеме жасады деген видео тарады. Бұл жалған.

Алдымен SARS-CoV-2 коронавирусы оқшауланған және сипатталғанын атап өткен жөн. Бірінші болып оны Ухань вирусология институтының ғалымдары жасады. 2020 жылғы 3 ақпанда олар Nature журналында метагеномдық реттілік пен электронды микроскопияны қолдана отырып, патогенді қалай оқшаулап, сипаттағандары туралы мақаланы жариялады.

Осыдан кейін басқа елдердің өкілдері де коронавирустың геномын сипаттай алды.

Демек, вирустың оқшауланғанына және сипатталғанына күмән жоқ.

Таралған хабарламадағы ақпаратқа келетін болсақ, бұл – фейк ақпарат.

Қытайдың Ауруларды бақылау және олардың алдын алу орталығының өкілі, доктор Ву Цзун Ю 2021 жылдың қаңтарында NBC тілшісіне сұхбат берді. Бұл 2021 жылғы 23 қаңтарда шыққан Nightly News бағдарламасының бөлігі болды. Ол Желіде бар. 

Онда Ву Цзун Ю пандемияның қалай басталғаны және ауруды зерттеу үшін мамандар қалай әрекет еткені жайлы баяндайды. Тілшінің Қытай ғалымдары вирусты жұқтырудың алғашқы жағдайлары тіркелгеннен кейін ол туралы деректермен неге бөліспегені туралы сұрағына дәрігер «олар вирусты оқшауламады, бұл мәселе» деп жауап берді.

Бұл қисынды жауап, өйткені Қытайда COVID-19 жұқтырудың алғашқы жағдайлары 2019 жылдың желтоқсан айының бірінші жартысында тіркелген. Ал ауруды тудыратын вирус 2020 жылдың қаңтар айының басында ғана анықталды, кейіннен оның геномы оқшауланып, ашылды. Доктор Ву Цзун Ю вирус оқшауланбаған деп нақ осы жағдайды тұспалдаған еді.

Патоген кейіннен оқшауланды, осы кезде бұл жаңалық бүкіл әлемге хабарланды.

Демек, фейк авторлары доктордың сөзін контекстен үзіп алып, Қытайдың Ауруларды бақылау және олардың алдын алу орталығының өкілі SARS-CoV-2 коронавирусының оқшауланбағанын мойындағандай етіп берген.

Шындығында, ғалымдар бұл патогенді оқшаулап, оны геномын сипаттаған. Доктор Ву Цзун Ю NBC арнасына берген сұхбатында вирус жоқ екенін мойындамаған, ол вирус әлі оқшауланбаған кездегі жағдай туралы айтқан.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button