Талдау

Фотофейк: «Гималай ағашы 400 жылда бір рет гүлдейді»

Желіде ақ қауырсын тәрізді гүлдермен гүлдейтін ерекше ағаштың суреті тарады. Бұл ғажайып өсімдік Гималайда өседі және ол 400 жылда бір рет гүлдейді екен. Мұның бәрі өтірік.

Суреттерді кері іздеуге арналған құралдардың көмегімен фотода сирек кездесетін Гималай өсімдігі еместігі анықталды. Бұл глициния – биіктігі 25 метрге жететін ағаш тәрізді лиана. Глицинияның гүлдері ақ, қызғылт немесе ақшыл көк түсті болады.

Таралған сурет графикалық редакторлармен өңделген, бұған қарамастан өсімдікті тануға болады. 
Глициния Гималайда емес, субтропикалық климаты бар елдерде өседі. Ол жылына бірнеше рет гүлдейді. 
Пайдаланушылар сирек кездесетін өсімдіктер туралы фейктерді бұған дейін де таратқан. Біз осындай бірнеше жалған фотоны анықтадық.

 

WhatsApp-та таралған хабарлама: сирек кездесетін гүлдердің фейк суреттері

Қорыта айтқанда, таралған фотосурет – фейк. Бұл 400 жылда бір рет гүлдейтін сирек кездесетін өсімдік емес, графикалық редакторлармен өңделген глицинияның суреті.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button