Fake News

Фейк: «2021 жылы тұмау толығымен жойылып, қайта пайда болды»

Желіде пайдаланушылар ДДҰ статистикасын талқылауда, оған сәйкес 2021-2022 жылдары тұмаумен сырқаттанушылық нөлге тең болып, кейін қайта өсті. Конспирологтардың пікірінше, бұл COVID-19-дың ойдан шығарылғанын және вакцинацияның қажет болмағанын дәлелдейді. Бұл олай емес.


2021-2022 жылдардағы тұмау маусымында сырқаттанушылық төмендеп, рекордтық көрсеткішке жеткені рас, бірақ нөлге тең болған жоқ. 
Ауру жұқтыру жағдайларының төмен болуын түсіндіруге болады. Ол кезде әлемнің көптеген елдерінде COVID-19 пандемиясына байланысты карантиндік шектеулер болған. Адамдар бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтады. Сонымен қатар ірі сауда орталықтары, театрлар, кинотеатрлар және басқа да адамдар көп жиналатын орындар, соның ішінде оқу орындары жабылды немесе шектеулі режимде жұмыс істеді.
Осының арқасында, тыныс алу жолдары аурулары, яғни тұмау әдеттегіден әлдеқайда баяу таралды. Бұл аурушаңдықтың рекордтық төмен деңгейіне әкелді.
Бұл COVID-19 пандемиясының ойдан шығарылғанын дәлелдемейді. Covid-диссиденттер мұндай теорияларды пандемия жарияланған кезде 2020 жылы тарата бастады. Бұл идеялардың ғылыми дәлелдер мен ақылға қайшы келетіні сол кезде түсінікті болған.
Демек, таралған ақпарат жалған. 2021 жылы тұмаумен ауыру көрсеткішінің төмен болғаны COVID-19-дың қастандық екенін дәлелдемейді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button