Fake News

Манипуляция: «Желіде ауа райының өзгеру технологиясына брілгн 1987 жылғы патент табылды»

Пайдаланушылар Желіде белгілі бір аймақты резонанстық қыздыру арқылы ауа райының өзгеру технологиясын сипаттайтын патентті тапқан. Кейбіреулерінің пікірінше, мұндай технологиялар 1987 жылы болса, қазіргі кезде ауқымды аумақтарда климатты бақылауға мүмкіндік беретін құрылғылар бар болуы мүмкін. Бұл олай емес. Неге екенін түсіндіріп өтейік.

Бұл патент шынымен де бар. Оның толық мәтіні баршаға қолжетімді және онымен кез келген адам таныса алады. Патент сипаттамасында электронды циклотронды резонанстық қыздыру арқылы ионосферадағы зарядталған бөлшектердің тығыздығын арттыру технологиясы туралы айтылған. Өнертабыс сипаттамасының мәтінінде климатты бақылау және ауа райының өзгеруі туралы сөз жоқ. Онда өнертабысты байланыстарды басқару, зымырандарды анықтау және жою үшін қолдануға болады делінген.
Ауа райының өзгеруі туралы New York Times газетінің 1987 жылғы 15 тамыздағы санында шыққан патенттің мәні сипатталған мақалада жазылған. Материалда өнертабысты қолдану аясы өте кең және ауа райының өзгеруі мен зымырандардың жойылуын қамтиды длінген.
Алайда, бұл да Жер бетінде ауа райын 1987 жылдан бері бақылайтынын дәлелдемейді. Шын мәнінде, патентте сипатталған өнертабыс іске асырылған жоқ, ал 2006 жылы патенттің қолданылу мерзімі ұзарту мүмкіндігінсіз аяқталған.
Ауа райын өзгерту әдістеріне келетін болсақ, ондай әдістер бар, бірақ қысқа мерзімді және шамалы өзгерістер үшін ғана жарамды. Мысалы, ірі орман және дала өрттері кезінде бұлттарда йод күмісін шашады, бұл жауын-шашынның болуына әкеледі. 
Сондай-ақ бұлттарды қуу технологиясы бар. Нақты бір күні белгілі бір жерде ауа райы ашық болуы үшін бұлттарға цемент шашады.
Мұндай технологиялар үлкен аумақтарда климатты бақылауға мүмкіндік бермейтіні анық. Соған қарамастан, олардың көмегімен құрғақшылықпен немесе, керісінше, аса қажет болған жағдайда нөсермен күресуге болады.
Жоғарыда айтылғандардан ауа райын басқаратын өнертабыс патенті туралы таралған ақпарат манипуляция деп қорытынды жасауға болады. Патенттің бар болғанына қарамастан, онда сипатталған өнертабыс қорғаныс және коммуникация салаларында қолдану мақсатында жасалған. Сонымен қатар іс жүзінде ол құрастырылмаған және пайдалануға берілмеген, ал патенттің жарамдылық мерзімі 16 жыл бұрын біткен. Бүгінгі таңда ауқымды аумақтардағы климатты толық бақылауға мүмкіндік беретін технологиялар жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button