Фейк: «Жапон зерттеуі маскалардың COVID-19-дан қорғамайтынын, керісінше, ауруды асқындыратынын дәлелдеді»
Telegram-да бетперделер COVID-19 жұқтырудан қорғамайды, керісінше патогендік және «іріңді» қоздырғыштарға толы болатындықтан ауруды асқындырып жіберетінін дәлелдеген жапон зерттеуі туралы жазуда. Бұл өтірік.
Зерттеу 2022 жылдың 18 шілдесінде Nature ғылыми журналында жарияланды. Оның авторлары маскалар қамтамасыз ететін қорғаныс деңгейін анықтауға тырыспаған. Олар оны таққан кезде қорғаныс құралында жиналатын бактериялар мен саңырауқұлақтарды зерттеген.
Олардың ішінен адамдарда тыныс алу органдарының ауруларын тудыруы мүмкін бірнеше қоздырғыш табылды, бірақ анықталған бактериялар мен вирустардың көбі адамдарға ешқандай қауіп төндірмейді.
Сонымен қатар зерттеу нәтижелерінде бірде-бір «іріңді» микроорганизм сипатталмаған.
Сондай-ақ мәтінде маскалар инфекциядан қорғауды қамтамасыз ете алмайды немесе
COVID-19 ағымын асқындырады деп жазылмаған.
Авторлар қауіпті бактериялардың пайда болуын болдырмау үшін масканы жиі ауыстырып отыру керек немесе көп рет пайдалануға болатын бетперде болса, оны жуып отыру керек екенін айтқан.
Ұзақ уақыт таққанда маскаларда бактериялардың жиналатыны құпия емес. 2020 жылы тәуелсіз сарапшылар тәжірибе жүргізді, оның аясында олар әр түрлі уақыт бойы тағылған маскалардан жақпалар алынды. Тәжірибе нәтижелері көрсеткендей, үнемі ауыстырып, жуып тұратын маскалар қоздырғыштарды көп жинамайды. Ал кемінде 15 рет жумай таққан маскада бірнеше бактерия болады. Демек, маскалар қауіпті қоздырғыштарды жинайды деп айту қате. Дұрыс қолданылмаса, маскалардың бетінде бактериялар жиналуы мүмкін деген тұжырым әлдеқайда дұрыс.
Естеріңізге сала кетейік, бұл туралы бұған дейін де айтылып келді. COVID-19 пандемиясының басында медициналық маскаларды тағу ережелері Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы мен ауруларды бақылау және алдын алу орталығының сайтында жарияланды.
Қазақстандық БАҚ та жеке қорғаныс құралдарын дұрыс пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар жариялады.
Демек, таратылған ақпарат – фейк. Зерттеуде маскалар инфекциядан қорғамайды және оларда «іріңді» қоздырғыштар жиналады деп айтылмаған. Зерттеудің мақсаты маскаларды үнемі ауыстырып, жуудың маңыздылығын көрсету болды.