Fake News

Фейк: «Швед зерттеуі COVID-19 қарсы вакциналар ДНҚ-ны өзгертетінін дәлелдеді»

Танымал қазақстандық Telegram-чаттарда ғалымдар жүргізген зерттеу нәтижелері мРНҚ-вакциналары адамның ДНҚ-на еніп, оны өзгерте алатынын дәлелдегені туралы хабарлама таралды. Бұл – жалған.

Швед ғалымдарының зерттеуі 2022 жылдың ақпан айында жарияланды. Ол «Адам бауыр жасушаларының желісіндегі Pfizer Biontech COVID-19 BNT162b2 in vitro мРНК вакцинасының жасушаішілік кері транскрипциясы» деп аталады. Ғалымдардың мақсаты вакцинадан алынған мРНҚ адам жасушаларының ішіндегі ДНҚ-ға айнала алатындығын анықтау болды.
Дәл осы жағдай наурыз айында ғалымдар COVID-19 қарсы вакцинацияның қорқынышты салдарын дәлелдеді деген қауесеттің тарауына себеп болды. Сонымен қатар жұмыс авторлары ДНҚ-дағы өзгерістер туралы пайдаланушылардың тұжырымдарын жоққа шығарды.
Олар зерттеу туралы ең көп қойылған сұрақтарға жауаптарды Лунд университетінің сайтында жариялады.
– Бұл зерттеуде Pfizer вакцинасы геномды өзгертетіні зерттелмеген. Біздің жарияланым in vitro вакцинаның мРНҚ-ны адам жасушаларының ішіндегі ДНҚ-ға айналдыру бойынша алғашқы зерттеу болып табылады», – деп түсіндірді зерттеушілер.
Сондай-ақ ғалымдар олардың тәжірибесінде қолданылатын жасушалар адам ағзасының бастапқы жасушаларынан айтарлықтай ерекшеленетінін атап өтті. Зерттеушілер Петри ыдысында өсірілген жасуша сызықтарымен және адамның бауырымен жұмыс істеді. 
Швед ғалымдары вакциналардың адамның ДНҚ-ын өзгерте алатындығын дәлелдеді деген ақпаратты ірі фактчекинг порталдары да жоққа шығарды. 
Қорыта айтқанда, таралған ақпарат – фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button