Fake News

Фейк: «КВИ қарсы вакцинацияланған адамдар егілмегендерге қарағанда вирустың мутациясына осал болады»

Пайдаланушылар Telegram арналарында Ұлыбритания үкіметі вакциналар адамдардың табиғи иммунитетіне нұқсан келтіретінін мойындады деп жазды. Бұл туралы Біріккен Корольдіктің Денсаулық сақтау агенттігі жариялаған 42 аптадағы «COVID-19 қарсы вакцинаны бақылау туралы есепте» айтылған екен. Бұл жалған.

Шын мәнінде, есепте иммунитеттің зақымдануы немесе вакциналардың ағзаның әртүрлі патогендерден қорғану қабілетіне әсері туралы айтылмаған. Онда әр түрлі жас топтары арасында вакцинациядан кейінгі әр түрлі кезеңдерде вакциналардың тиімділігі туралы мәліметтер келтірілген.
«2 дозаны енгізгеннен кейін Delta нұсқасымен симптомдық ауруға қатысты вакцинаның тиімділігі – AstraZeneca «Vaxzevria» 65-70%, Pfizer-BioNTech «Comirnaty» және «Moderna» «Spikevax» шамамен 80-95% жетеді. Әдетте, вакцинаның тиімділігі кіші жас топтарында ересек жас топтарымен салыстырғанда сәл жоғары боалды», – делінген есепте.
Есепте уақыт өте келе вакцинацияланған адамдарда қандағы антиденелер деңгейінің төмендегені жазылған. Алайда, ауырғаннан кейін COVID-19-ға иммунитет қалыптасқан адамдарда да дәл осындай жағдай байқалады. Бұл жағдайда адамның иммундық жүйесі зақымдалатыны туралы ғалымдар ешқашан айтпаған.
Бұдан әрі есепте қан донорлары арасында SARS-CoV-2 коронавирусына антиденелері бар адамдар саны туралы мәліметтер келтірілген. Оларға сәйкес, 17 жастан асқан қан донорларының 97%-ында SARS-CoV-2 коронавирусына антиденелер бар. Есепте бұл антиденелер бұрын ауырған кезде немесе вакцина салдыру нәтижесінде қалыптасуы мүмкін екені атап өтілген. Екпе салдырғаннан иммунитеттің зақымдануы туралы ештеңе айтылмаған.
Демек, британдық сарапшылардың есебі вакциналардың иммунитетті зақымдайтынын дәлелдейді деген ақпарат – фейк. Есепте екпеден кейін иммунитеттің антиденелер қалыптастыра алмайтыны жайлы емес, вакцинациядан немесе ауырғаннан кейін белгілі бір уақыт өткен соң олардың деңгейінің табиғи төмендейтіні туралы айтылған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button