Жаңалықтар

Фейк: «Ауғанстан азаматтарын Қазақстанға 2021 жылы жазда әдейі әкелген»

Telegram мессенджерінде Ауғанстан азаматтары Қазақстанға өткен жылы жазда Үкіметтің бұйрығымен әкелінгені туралы хабарламалар таратылуда. Оларды Шымкентте орналастырған екен. Бұл фейк.

Бұл қауесетті ҚР Сыртқы істер министрлігі жоққа шығарды.

– Ондай ештеңе болған жоқ. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button