Фейк: «Желіде егілген адамдардың денесіндегі чиптерді оқитын сканер жұмысының видеосы тарады»
Қазақстандық Telegram-чаттарға қатысушылар ерекше бейнероликті талқылауда. Кадрларда ветеринарлық клиниканың екі қызметкері иықтарын жануарларға арналған микрочиптерді оқитын құрылғымен сканерлейді. Сканер КВИ қарсы вакцинаның қыздың қай қолына салынғанын «қатесіз» анықтайды және егілген микрочиптің сериялық нөмірін жазады. Шын мәнінде, бұл видео әзіл.
Түпнұсқа видео осы жылдың маусым айында TikTok әлеуметтік желісінде жарияланды.
Ролик бірнеше күннің ішінде кеңінен тарады. Пайдаланушылардың көбі оны шын деп қабылдаған. Кейіннен ролик авторы видеоға түсініктеме береді.
– Достар, әзілдің не екенін түсінбейді екенсіздер. Бұл жай иттің чипі екені анық қой. Өздеріңе қараңдаршы! – деп жазды ол.
Осыдан кейін қыз қызығушылық танытқан пайдаланушыларды жұмыс уақытында онымен байланысуға тырыспауға шақырып, «Сіздер интернеттегі барлық нәрсеге сенесіздер!».
Сканер вакцинадағы микрочипті оқиды деген теорияға құрылғының өзі де қайшы келеді. Ол жануарларға арналған чиптерді ғана оқуға арналған және мұндай чиптердің жеке нөмірін ғана көрсетеді.
Бұл нөмірді арнайы онлайн порталдағы іздеу жолағына енгізіп, оның қандай ит немесе мысыққа тиесілі екенін анықтауға болады.
Мысалы, видеода көрсетілген чиптің нөмірі АҚШ-тағы тіркелмеген итке тиесілі.
Демек, бұл видео әзіл болып табылады, оны авторы растайды. COVID-19-ға қарсы вакциналарда микрочиптер немесе өзге жоғары технологиялық құрылғылар жоқ. Иммундауға арналған препараттардың құрамы құпия емес және баршаға қолжетімді.
Олармен толығырақ мына жерден танысуға болады:
Pfizer/BioNTech;
Moderna;
Janssen;
Astra-Zeneca;
Sputnik V;
Hayat-Vax (Sinopharm);
QazVac;
CoronaVac;
Vero Cell.