Фейк: «COVID-19 – жасанды вирус және адамзатқа қауіп төндірмейді»
Қазақстандықтар SARS-CoV-2 вирусының зертханада әзірленгені және дәрігерлер мен ғалымдар мәлімдегендей мүлде қауіпті емес екендігі айтылған бейнероликпен бөлісуде. Бұған дәлел ретінде видео авторы COVID-19 ауруы туралы ешкім білмеген болса да, 2019 жылғы басқа аурулардан болған өлім-жітім статистикасын келтіреді.
SARS-CoV-2 вирусы 2019 жылғы желтоқсан айында ғана анықталды, сәйкесінше, ол сол жылғы өлім-жітім статистикасына енген жоқ. Алайда, 2020 жылдың басында індет бүкіл әлемге тез таралды және мыңдаған адамның өліміне себеп болды. 11 наурызда ДДСҰ COVID-19 пандемия деп жариялады.
Вирус анықталған сәттен бастап зерттелді. Ғалымдар патогеннің шығуын да түсінуге тырысты. Оның геномын зерттеу нәтижесінде олар вирустың табиғи жолмен пайда болды деген қорытындыға келді. Мұны тірі ағзалардан тыс болмайтын белгілі бір мутациялардан байқаған.
2020 жылы ДДСҰ комиссиясы вирус алғаш тіркелген Уханьға қайта барып, тағы да бір мұқият тексеру жүргізді. Мамандар патогеннің қолдан жасалуының белгілерін анықтаған жоқ.
Вирус қауіпті емес және адамдарға қатер төндірмейді деген тұжырым түбегейлі дұрыс емес. 2020 жылғы өлім-жітімнің негізгі себептерінің статистикасына сәйкес, COVID-19 жүрек аурулары мен онкологиялық аурулардан кейін үшінші орында тұр.
Сондықтан ғалымдар осы ауруға қарсы тиімді вакцина мен емін жасауға тырысуда. Сонымен қатар, әлемдік ғылыми қауымдастық қатерлі ісік пен жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлімді де азайту жолдарын іздеуде.
https://stopfake.kz/kk/archives/9026
Демек, 2019 жылдың көп бөлігінде адамзат COVID-19 ауруы туралы білмегендіктен видеода манипулятивті өлім-жітім статистикасыны ұсынылған. КВИ қауіпті емес және қатер төндірмейді деген тұжырым қауіпті және ғылымға қарсы. Sars-CoV-2 вирусының зертханада жасалғаны туралы теорияны ғалымдар жоққа шығарды.