Фейк: «CDC өз қызметкерлерін апокалипсиске дайындауда, өйткені вакциналар адамдарды зомбиге айналдырады»
Әлеуметтік желілерде АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) зомби апокалипсисіне дайындық жөніндегі бағдарламасы туралы хабарлама тағы да таратылуда. Пайдаланушылар бұл бағдарламаның пайда болуын вакциналардағы бөгде ДНҚ жасушалары, өзге ғаламшардың тіршілік иелерінің жұмыртқалары мен люцифераза адамдарды зомбиге айналдырады деп түсіндіреді. Бұл өтірік және конспирология.
Зомби апокалипсисіне дайындық бағдарламасы CDC ресми сайтында сипатталған. Алайда, ол тірі өліктердің шабуылына емес, адамдарды әртүрлі төтенше жағдайларға, мысалы, су тасқыны, жер сілкінісі және т.б. сияқты табиғи апаттарға дайындау үшін жасалған. Бағдарламада зомбилер назар аудару әдісі ретінде ғана қолданылады.
Бағдарламада төтенше жағдай немесе «зомби апокалипсі» жағдайында адамдарда әрқашан су, бұзылмайтын тамақ, ауыстырылатын киім жиынтығы, құжаттар, дәрі-дәрмек және басқа да қажетті заттарды қамтитын арнайы жиынтық дайын болуы керек делінген. Мұндай жиынтықтар, мысалы, қысы суық және қар қалың түсіп, электр станциялары істен шыққан Техас тұрғындары үшін өте пайдалы болуы мүмкін.
Төтенше жағдайлар үшін жиынтықты қалай дайындау керек және шұғыл жағдайларда не істеу керек екендігі, CDC шығарған комиксте егжей-тегжейлі және қол жетімді түрде жазылған. Әлеуметтік желілерде таратылған видеода дәл осы комикс көрсетілген.
КВИ қарсы вакциналардың құрамында бөтен ДНҚ, өзге ғаламшарлықтардың жұмыртқалары мен люциферазаның болуына келетін болсақ, бұл расталмаған қастандық теориялары болып табылады. Біз олардың көбін жоққа шығардық.
COVID-19 қарсы вакциналардың құрамы құпия емес және баршаға қолжетімді.
Олармен толығырақ мына жерден танысуға болады:
Pfizer/BioNTech;
Moderna;
Janssen;
Astra-Zeneca;
Sputnik V;
Hayat-Vax (Sinopharm);
QazVac;
CoronaVac;
Vero Cell.
Сонымен, CDC-дің зомби апокалипсисіне дайындау бағдарламасының тірі өліктерге қатысы жоқ, олсу тасқыны немесе жер сілкінісі сияқты төтенше жағдайларға дұрыс дайындалуға және құтқарылуға арналған. COVID-19 қарсы вакциналарда құпия компоненттер жоқ және олар адамдарды зомбиге айналдырмайды.