Fake News

Фейк: «Қарағандыда қала орталығына кіру «Ашық» бағдарламасымен жүргізіледі»

Қарағандылықтар әлеуметтік желілерде қала аудандарының бірінен шыққан жолда қалыптасқан көлік кептелісінің кадрларымен бөлісуде. Бұл Қарағанды орталығына «Ашық» бағдарламасында егу мәртебесін растау арқылы жіберуден орын алды деген пікірлер айтылуда. Бұл олай емес.
Қала әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

 

– Майқұдыққа кіру кезінде шектеу қойылғаны және жол жүру тек Ашық жүйесі арқылы жүзеге асырылатыны туралы ақпарат фейк болып табылады. Қазіргі уақытта К.Маркс көшесіндегі автомобиль жолына күрделі жөндеу жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары көлік қозғалысына қиындық туғызуда. 2021 жылдың қазан айының соңына дейін екі жолақ бойынша көлік құралдарының толық қозғалысын қамтамасыз ету жоспарланған, – деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Демек, Қарағанды орталығына тек «Ашық» жүйесімен ғана кіруге болады деген ақпарат фейк.

Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіз.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button