Fake News

Манипуляция: «Румынияда вакцинация орталықтары жабылуда, өйткені халықтың 70%-ы егуден бас тартты»

Қазақстандықтар Telegram-чаттарда өзге елдердің жаңалықтарымен бөлісуде. Олардың айтуынша, Румыния билігі ел халқының 70%-ы екпеден бас тартқандықтан вакцинация орталықтарын жабу туралы шешім қабылдаған. Бұл жалған.


Бұл ақпарат алғаш рет Желінің корей сегментінде тараған. Кейіннен оны басқа тілдерге, соның ішінде орыс тіліне аударған.
Румыния COVID-19 қарсы вакцинация жөніндегі ұлттық үйлестіру комитеті егу орталықтарының жабылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
– Орталықтар толық жабылған жоқ. Олардың қызметі уақытша тоқтатылды және румындықтардың COVID-19 қарсы егілу ниеті туындағанда қайта ашылады», – деді ведомство өкілі AFP басылымына.
Елде азаматтарға жеткілікті вакциналар қоры бар. Жұмыс істеп тұрған егу пункттері туралы деректерді Комитеттің ресми сайтынан алуға болады.
Бүгінгі таңда Румынияда халықтың 28%-ы КВИ қарсы вакцинаның екі компонентімен егілді. Тағы 0,71% бірінші компонентті алған.
Ел ішінде егілген адамдардың үлесі 50% – ға жететін аймақтар бар. Өзекті деректерді COVID-19 қарсы вакцинация жөніндегі ұлттық үйлестіру комитетінің есебінен алуға болады. 

Демек, Румыниядағы вакцинация орталықтарын азаматтардың вакцинациядан бас тартуына байланысты жабу туралы ақпарат жалған. Тек кейбір пункттер ғана уақытша жабылған, қалғандары жұмысын жалғастыруда. Ел билігі вакциналардың пайдасы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Кейіннен вакцинация пункттері қайтадан толық қуатпен жұмыс істейтін болады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button