Украинада жалған ақпарат таратқан үшін қалай жазалайды
Көптеген елдерде жала жабу мен жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілген. Мұндай іс-әрекеттер үшін айыппұл салынады, бас бостандығынан айырады немесе екі жазаны бірден қолданады. Украина тарихында бұл қылмысты Қылмыстық кодекске енгізу әрекеті бірнеше рет жасалды. Бірақ қазір ол тек Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінде ғана бекітілген.
Мәселе тарихы
2019 жылдың наурызында БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы жалған ақпарат таратқаны үшін жазалау туралы заң жобасы тіркелді, бұл үлкен резонанс тудырды. Құжаттың авторы Игорь Лапин,
Әкімшілік жазаның орнына қылмыстың жауапкершілік енгізуді ұсынған «Народный фронт» партиясының депутаты. Жалған мәліметтер үшін 8,5 мың гривен (130 мың теңгеге жуық) мөлшерінде айыппұл салу, қоғамдық жұмыстар (сегіз сағатқа дейін) немесе түзеу жұмыстарын белгілеу ұсынылды. Жұмыс істеу мерзімдері қылмыстың ауырлығына байланысты болып, 1 жылға дейін жеткен.
Бұл ретте қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін аса ауыр жаза қолданылады:
• 34 мың гривенге дейін (520 мың теңге) айыппұл;
• 170 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар;
• 2 жылға дейін түзеу жұмыстары.
Жазаны көпшілік алдында қателігіңді мойындау және тиісінше теріске шығару арқылы жеңілдетуге болады. Алайда заң жобасы одан әрі қолдау таппай, 2019 жылы тиісті шаралар қабылданбады.
Қазіргі жағдай қандай
2020 жылы 17 қаңтарда Украина мәдениет, жастар және спорт министрлігі
жалған ақпарат таратуға қарсы әрекет ету туралы жаңа заң жобасын және ұсынылып отырған өзгерістердің салытырмалы кестесін таныстырды.
Құжатқа сәйкес, жалған мәліметтерге жеке, заңды тұлғаға немесе оқиғаға қатысты жалған мәліметтер жатқызылады. Жалған ақпарат – бұл қоғамдық маңызы бар жалған мәліметтер, мысалы, ұлттық қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпке және т.б.. Сатиралық немесе пародиялық сөздер жалған ақпаратқа жатпайды.
Ұсынылған заң жобасымен мынадай өзгерістер енгізу жоспарланған:
• БАҚ үшін «сенім индексін» енгізу. Оны ерікті түрде «тәуелсіз ұйымға» өтініш жазу арқылы алуға болады.
• «Бұқаралық ақпарат таратушы» мәртебесін бекіту. Заң жобасына сәйкес, блогерлер де осы санатқа жатқызылады және өздері туралы сәйкестендіру мәліметтерін ұсынуға тиіс.
Қылмыстық жазаны «Украинаның Ұлттық қауіпсіздігі, азаматтық қауіпсіздігі, аумақтық тұтастығы, егемендігі, қорғаныс қабілеті» туралы жалған ақпаратты қасақана, жаппай және жүйелі түрде тарату жағдайында қолдану қарастырылған. Бұл 5000-нан 10 мыңға дейін ең төменгі еңбекақы немесе 2 жылға дейінгі түзеу жұмыстары түрінде айыппұл салуға әкеп соғады. 1 ең төменгі еңбекақы мөлшері 4723 гривенге (65400 теңгеге) тең.
Ұлттық қауіпсіздікке қатысы жоқ жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік айыппұл салынады. БАҚ үшін айыппұл мөлшері өз еркімен ақпаратты теріске шығарған жағдайда 1000 ең төменгі еңбекақыны, егер терістеу сот шешімімен шығарылса, 2000 ең төменгі еңбекақыны құрайды. Бұл заң жобасын да талқылау тоқтатылды
Фейктер мен коронавирус жағдайы
Жалған ақпаратты бағалау үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекс қана, нақтырақ айтқанда, 173-1-бабы «Халық арасында дүрбелең тудыруы немесе қоғамдық тәртіпті бұзуы мүмкін жалған қауесеттерді тарату» қолданылады. Жаза ретінде айыппұл салынуы мүмкін – 10-15 салық салынбайтын ең төменгі кіріс (әкімшілік бұзушылықтар үшін салық салынбайтын минимум – 17 гривен – 260 теңге) немесе 1 айға дейін түзеу жұмыстары, содан кейін жалақының 20% аударылады.
Коронавирус туралы жалған ақпарат таратқаны үшін алғашқы әкімшілік хаттама 2020 жылдың 16 наурызында толтырылды. Черновицкий облысы ұлттық полициясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 38 жасар аудан тұрғыны әлеуметтік желілерден індетке қатысты жалған ақпарат таратқан.
Волынь облысының тұрғыны шетелден оралған ауылдасының ауырғандығы туралы қауесет таратқаны үшін 170 гривен мөлшерінде айыппұл төледі.