Fake News

Жалған: «Вакцина әзірлеу үшін бір жыл уақыт жеткіліксіз»

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар QazVac КВИ қарсы отандық вакцинаның әзірленуін талқылауда. Кейбіреулердің пікірінше, препарат тым тез әзірленді және бұл уақыт клиникалық зерттеулер жүргізу үшін жеткіліксіз болды. Сондай-ақ, пайдаланушылар вакцинаны сынау туралы деректер Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының сайтында препарат қазақстандық нарыққа түскеннен кейін ғана шыққанына күмәнмен қарауда. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.

Әлем бойынша COVID-19 қарсы вакциналар рекордтық қысқа мерзімде әзірленді. Препаратты тез арада жасауға бірнеше фактор септігін тигізді: әлем бойынша ғалымдардың бірлескен жұмысы, көп мөлшерде қаржыландыру, SARS және MERS коронавирустарына қарсы вакциналарды әзірлеу бойынша қолданыстағы әзірлемелерді пайдалану, сондай-ақ клиникалық зерттеулер фазаларын қатар жүргізу мүмкіндігі.
– COVID-19 қарсы вакцинаны барынша тез жасау үшін ғалымдар мен әзірлеушілер бірнеше түрлі кезеңдерде қатар жұмыс істейді. Вакциналарды әзірлеудің жеделдетілген процесі айтарлықтай мөлшерде қаржы бөлудің және жоғары деңгейде саяси міндеттемелер алудың арқасында мүмкін болды, – деп хабарлады Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтынан.
Сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі отандық препарат инактивтендірілген вирус негізінде жасалғанын және бұл технология жақсы зерттелгенін, ондаған жылдар бойы қолданылып келе жатқанын атап өтті.
– COVID-19-ға қарсы отандық вакцинаны қысқа мерзімде әзірлеу туралы айтсақ, қазақстандық вакцинаны өндіру технологиясы ондаған жылдар бойы сыналғанын, оның белгілі және сенімді (белсенділігі жойылған вакцина, тірі вирус жоқ) екенін ескеру қажет. Өндірушінің осы сияқты вакциналарды жасау тәжірибесі бар, бұл ретте тұмауға қарсы вакцина туралы айтып отырмыз», – деп түсіндірді департаменттегілер.
Сондай-ақ, Министрлік Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығының сайтында вакцинаны сынау туралы ақпаратты «ҚР клиникалық зерттеулер тізіліміне» енгізу процедурасы туралы баяндады.
Вакцинаны жасаушылар институтқа оның тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы барлық мәліметтерді ұсынады. Ақпарат орталыққа келіп түскенде баршаға қолжетімді болуы үшін ұйымның сайтында жарияланады.
– Ұлттық орталық жанынан мамандар мен сарапшылардан, инфекционист ғалымдар, эпидемиолог, микробиолог, иммунолог, биолог, фармаколог мамандардан, биоэтика жөніндегі орталық комиссия, медициналық ұйымдар өкілдерінен тұратын Комиссия құрылды. Комиссия вакцинаның клиникаға дейінгі, клиникалық сынақтарының деректеріне сараптама жүргізеді, оның нәтижелері бойынша вакцинаның қауіпсіздігі, сапасы мен тиімділігі бойынша оң немесе теріс қорытынды беріледі, – деп түсіндірді ҚР ДСМ өкілдері.
QazVac вакцинасының клиникалық сынақтарының I және II фазаларының нәтижелері The Lancet тобына кіретін рецензияланатын EClinicalMedicine медициналық журналында да жарияланды. 
Демек, QazVac вакцинасы тиімді және қауіпсіз. Клиникалық сынақтар кезінде жетекші сарапшылар оны әзірлеу және бағалау процесін қадағалады. Препарат сынақтары туралы ақпарат әзірлеушілердің ұсынуына қарай жарияланды. Вакцинаны сынаудың бірінші және екінші кезеңдерінің қорытындылары туралы деректер Халықаралық ғылыми рецензияланатын журналда ұсынылды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button