Fake News

Фейк: «Сингапур коронавирусты 20 күнде жеңді»

Instagram қолданушылары Сингапурдың коронавирусты бірде-бір өлім жағдайынсыз 20 күнде жеңгені туралы ақпарат таратуда. Бұл өтірік.

Бұл былтырғы фейк. Сингапурда коронавирус жұқтырудың алғашқы жағдайы 2020 жылдың 23 қаңтарында тіркелді.
Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 17 тамыздағы жағдай бойынша 66281 жағдай тіркелген, оның ішінде 44-і қайтыс болған.
Өткен жылы кейбір БАҚ Сингапурды коронавирусты жеңген ел деп атады. Бірақ бұл Сингапур билігі COVID-19 алғашқы жағдайлары тіркелгеннен кейін біраз уақыт аурудың таралуын бәсеңдете алғандқтан болды. Үкімет сапарларға қатаң шектеулер қойды. Вирус жұқтырған адамдардың барлық байланыстары белсенді қадағаланды. Дегенмен, бұған қарамастан, 2020 жылдың сәуірінде 5,7 миллион халқы бар мемлекетте ауруды жұқтыру көрсеткіші шарықтау шыңына жетті – күніне 1426 адам індет жұқтырған. Биыл статистика айтарлықтай жақсарды, бірақ коронавирусты жеңгені туралы айту әлі ерте.

Сингапурдағы аурушаңдық статистикасын мына жерден көруге болады. 

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button