Fake News

Фейк: «АҚШ-та адамдарды медициналық мақсатта ұрлауға рұқсат етілді»

Қазақстандағы танымал Telegram-чаттардың бірінің қатысушылары АҚШ-та тараған жаңалықпен бөлісуде. Онда «әскерлерге (…) адамдардың үйлеріне басып кіруге, оларды мылтықпен қорқытып, ұрлап, тұтқынға алынған қылмыскерлерге арналған лагерьлерге жеткізуге рұқсат береді» деген Жарлыққа қол қойылғаны айтылған. Бұл өтірік.


Хабарламада мұндай өкілеттіктер Теннесси штатының губернаторы Билл Ли қол қойған 83 Үкімет қаулысымен берілгені жазылған.
Мұндай бұйрықтың бар екені рас. Оған ағымдағы жылдың 6 тамызында қол қойылды. Алайда, онда адамдарды қару-жарақпен қорқытып, ұрлау, COVID-19 жұқтырғандарға арналған концентрациялық лагерьлер және хабарламада сипатталған басқа да жағдайлар туралы айтылмаған.
Іс жүзінде бұйрық персоналдың жетіспеушілігіне байланысты жағдайды жеңілдетуге қатысты. 
Бұйрықтың өзі 21 тармақтан тұрады және баршаға қолжетімді – онымен кез келген адам таныса алады. 
Бұл тармақтар Теннесиден тыс жерден мемлекеттік ауруханаларда жұмыс істеуге лицензияланған мамандарды тартуға, сондай-ақ мамандарды, мысалы, медициналық университеттердің түлектерін лицензиялаудың кейбір ережелерін уақытша жоюға қатысты. Бұйрыққа сәйкес, олар жұмыс істеп жүрген маманның бақылауымен уақытша лицензиясыз жұмыс істей алады. Сонымен қатар, қаулыда осыған байланысты лицензиясы тоқтатылған зейнеткерлікке шыққан дәрігерлерді жұмысқа тарту тетіктері сипатталған. Кейбір тармақтар тартылған қызметкерлерге төлем жүйелеріне қатысты.
Сондай-ақ, бұйрықпен кейбір зертханалардың қызметкерлеріне қашықтан жұмыс істеуге, ал дәрігерлерге телефон арқылы үйде емделіп жатқан науқастардың жағдайын бағалауға рұқсат етіледі.
Бұйрықта Ұлттық және Мемлекеттік ұлан туралы да жазылған. Нақтырақ айтқанда: «COVID-19 туындаған денсаулық сақтау жүйесіне жүктемені азайту үшін медициналық және шұғыл көмек көрсету бойынша кейбір операцияларға байланысты Ұлттық ұлан мен Мемлекеттік ұлан мүшелерін қолдану. Атап айтқанда, персонал: 1) медициналық мекемелерде COVID-19-ға авторландырылған диагностикалық тестілеуді орындай алады; 2) денсаулық сақтау мекемелерінде уәкілетті мейіргерлік және басқа да функцияларды орындай алады; 3) мемлекеттік немесе жеке жедел жәрдем машинасын лицензияланған қызметпен басқара алады».
Мұндай нормалар штатта 2020 жылдың желтоқсанынан бері бар.
Әлбетте, олар әскери адамдарға қару-жарақпен адамдардың үйлеріне басып кіруге және оларды қандай да бір мақсатта ұрлауға құқық бермеген және бермейді де.
Бұйрықта концентрациялық лагерьлер туралы да айтылмайды. 18-тармақта қажет болған жағдайда уақытша карантиндік госпитальдар салу қарастырылған. Яғни, бұл мекемелерде адамдарды қоғамнан оқшаулап қана қоймай, емделеді.
Жалпы, Telegram-ға жіберілген хабарлама – белгісіз конспирологтың қиялы, ойдан шығарылған, өтірік және манипуляция. Бұйрытың түпнұсқасы Желіде орналастырылған және онда хабарламада айтылған ештеңе жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button