Fake News

Фейк:«ДДСҰ COVID-19 азот диоксидімен улану екенін мойындады»

Қазақстандықтар Telegram-чаттарда COVID-19 азот диоксидімен улану ғана деп жазуда. Бұл ДДСҰ-ның Үнді аймақтық бюросының сайтында айтылған екен. Бұл жалған.


Біз бұған дейін COVID-19 ауру емес, азот диоксидімен уланудың нәтижесі деген конспирологиялық теорияны жоққа шығарған болатынбыз.

Фейк: «Коронавирус ауру емес, азот диоксидімен улану»

Шын мәнінде, бұл затпен улану белгілері мен COVID-19 белгілері әртүрлі. Сонымен қатар, азот диоксиді сарғыш-қоңыр түсті және иісі өткір болады, оны байқамау қиын. Сондықтан газды әлемге бойынша ешкімнің назарын аудармай шашу мүмкін емес.
Бұл дәлелдерге қарамастан, қастандық теорияларын жақтаушылар «Үндістандағы заттар интернетін қолдана отырып, COVID-19 пандемиясына дейін және одан кейін азот диоксидінің (NO2) денсаулыққа әсерін бағалау» зерттеуінде азот диоксидімен улану нұсқасының «растауын» тапты. Онда COVID-19 пайда болуының негізгі себебі дәл осы газ екендігі айтылған.
Шындығында, зерттеуде мұндай мәлімдемелер жоқ. 
Онда азот диоксидінің COVID19 жұқтырған адамға ұзақ уақыт әсер етуі ауру белгілерінің шиеленісуіне және асқынулардың дамуына әкелуі мүмкін делінген. Зерттеу қорытындыларында авторлар сондай-ақ бүкіл әлемде локдаунның арқасында атмосферадағы азот диоксиді деңгейі 20 жылдық минимумға дейін төмендегенін атап өтті.
Мәтінде азот диоксиді COVID-19 дамуының себебі екендігі туралы ештеңе айтылмаған.
Бұл аурудың қоздырғышы – SARS-CoV-2 коронавирусы. 
Оның геномы анықталды және толығымен шешілді.
Микроскоп астындағы вирустың суретін Желіден табуға болады.

Қорыта айтқанда, COVID-19 азот диоксидімен уланудың нәтижесі деген теория – жалған. Қазнет пайдаланушылары сүйеніп отырған зерттеуде бұл газдың ұзақ уақыт әсер етуі ауруды туындатпай, оның бұрыннан бар симптомдарын күшейте түсетіні айтылған. Сондай-ақ, атмосферадағы заттардың шоғырлану деңгейі COVID-19 пандемиясы салдарынан айтарлықтай төмендегені байқалады, бұл да адамдарды улау үшін газ шашады деген нұсқаға қайшы келеді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button