Fake News

Манипуляция: «Әйгілі тележүргізуші COVID-19 қарсы вакцина алғаннан кейін қайтыс болды»

Instagram-да қазақстандық пабликтердің бірінде танымал тележүргізуші Алексей Каминантенің өлімі талқылануда. Пост авторлары оны COVID-19 қарсы вакцинациямен байланыстырып отыр. Бұл манипуляция.


Рен ТВ телеарнасындағы «Керемет қызықты оқиғалар» бағдарламасының жүргізушісі Алексей Каминантетің қайтыс болғаны туралы биыл 9 шілдеде мәлім болды. Бұл ретте өлімнің ресми себебі айтылған жоқ.
Алайда, желі қолданушылары оның өлімін КВИ-ге қарсы екпе салдырумен байланыстырады, ол егілгені туралы әлеуметтік желілерде биыл 22 маусымда хабарлаған.
Алайда, мамандар вакцина мен өлімнің арасындағы байланысты растайтын сенімді ақпарат берген жоқ.
РЕН ТВ телеарнасының директоры Екатерина Авалиани пайдаланушылардан түрлі болжамдар жасамауын сұрады, ал тележүргізушінің қайтыс болу себебі туралы сұраққа «Әзірге түсініксіз. Жүрегі тоқтап қалды» деп жауап берді.
Қорыта айтқанда, вакцина салдыруды тележүргізушінің өлімімен байланыстыру әрекеттері негізсіз. Өлімнің ресми себебі де, оның ауру-сырқат тарихы да хабарланған жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button