Фейк: «Вакциналар құрамында магниттік нанобөлшектер бар»
Әлеуметтік желі қолданушылары 2014 жылы жарияланған ғылыми зерттеуді талқылауда. Онда ДНҚ вакциналарын жасушаларға жеткізу үшін суперпарамагнитті нанобөлшектерді қолдану жайлы айтылған. Кейбіреулер бұл бөлшектер COVID-19 қарсы вакциналарда бар және олар қауіпті деп санайды. Бұл олай емес.
Темір оксидінің (SPION) суперпарамагниттік нанобөлшектері болады. Бұл сыртқы магнит өрісінің қатысуымен магниттік қасиеттерді көрсететін магниттік нанобөлшектердің бір түрі. Қазіргі кезде олар қатерлі ісіктерді диагностикалау кезінде және кейбір препараттарды тікелей дене жасушаларына жеткізу үшін МРТ үшін контрастты зат ретінде қолданылады.
Бүгінде ғалымдар осы нанобөлшектерді және оларды қолдану әлеуетін егжей-тегжейлі зерттеумен айналысуда. Зерттеу бағыттарының бірі – ДНҚ-вакциналарын қажетті жасушаларға тасымалдау үшін нанобөлшектерді қолдану. Ғалымдардың қорытындылары мұндай технологияның болуы ықтимал және әлуеті тиімді екенін көрсетеді.
Алайда, бұл әдісті адамдарда қолданудың белгісі емес. Нанобөлшектерді жасушаларға жеткізе алатын ДНҚ вакциналары жаппай вакцинация үшін әлі қолданылмайды. Ғалымдар осы технологияны пайдалана отырып, безгек, АИТВ, қант диабеті, АПВ және тіс жегінің алдын алуға арналған дәрі-дәрмек әзірлеуде, бірақ адамдарда зерттеулер жүргізілмеген.
Адамдарда сынала бастаған жалғыз ДНҚ вакцинасы – бұл Inovio Pharmaceuticals жасаған COVID-19 қарсы INO 4800 препараты.
Қазір сынақтың екінші кезең аяқталуда, оған 6,578 адам қатысып жатыр.
Сынақтың бірінші кезеңі туралы есеп The Lancet журналында жарияланды.
Бұл вакцинаның құрамында суперпарамагниттік нанобөлшектер бар екендігі туралы деректер жоқ. ДНҚ вакциналарын жасушаға мұндай бөлшектерді қолдану қажет болмайтын басқа жолдармен жеткізуге болады.
РНҚ вакциналары, векторлық, тірі және белсенді емес сияқты вакциналардың басқа түрлерінде суперпарамагниттік нанобөлшектер қолданылмайды.
Демек, вакциналарда магниттік нанобөлшектердің болуы туралы хабарламалар ғылыми зерттеулерді дұрыс түсіндірмеуге негізделген. ДНҚ вакциналарын темір оксидінің суперпарамагниттік нанобөлшектерін қолдана отырып, жасушаларға тасымалдау технологиясы әлі зерттелуде. ДНҚ вакциналарының өзі бүгінгі күні жаппай вакцинация үшін қолданылмайды. Толық дайын ДНҚ вакцинасы қазір адамдарда клиникалық сынақтардың екінші кезеңінен өткізіліп жатыр және жаппай қолдану үшін әлі мақұлданбаған. Ондағы магниттік нанобөлшектердің құрамы туралы мәліметтер жоқ.