Fake News

COVID-19 қарсы вакциналар әлем халқын азайту үшін жасалған жоқ

Әлеуметтік желілерде қолданушылар COVID-19 қарсы вакциналар өлімге әкеледі және халықтың азаюына ықпал етеді деген хабарлама таратуда. Бұл жалған.


Мұндай ақпарат әлеуметтік желілерде тай-неміс микробиологы Сучарит Бхакдидің видеосы жариялағаннан кейін пайда болды. 72 жасар ғалым қазір зейнетке шықты. 2020 жылы ол коронавирустық пандемия туралы ғылыми фактілерге қайшы келетін және теріске шығарылған мәлімдемелер жасаған.


2021 жылы сәуірде жарияланған 40 минуттық роликте Бхакди маскалар пандемиямен күресуде тиімді емес, ПТР тест қорқыту үшін қолданылады, ал «COVID-ке қарсы вакциналар жаһандық апат пен халықты жоюға әкелуі мүмкін» дейді.
StopFake.kz маскалардың тиімділігі мен ПТР-дің қалай алынатыны жайлы жазған болатын. Вакциналар аса қауіпті деген мәлімдемеге тоқталайық.

ПТР-тесттердің мағынасыздығы туралы мәлімдемелер – фейк

Бхакди видеода Pfizer және Moderna вакциналары аутоиммундық реакциялар тудырып, өлімге әкелуі мүмкін дейді.
Матрицалық РНҚ (мРНҚ) «топтамалары» – Pfizer және Moderna суреттеріндегі сіздің ағзаңызға коронавирустан қалай қорғану керектігін жеткізетін генетикалық жіптер – қан ағымында болады және иммундық жүйеңі сау жасушаларға шабуыл жасауға итермелеуі ықтимал», – дейді Бхакди.
Бұл жалған, сарапшылар мұндай мәлімдемелерді жоққа шығарған болатын. Шын мәнінде, ол келесідей жұмыс істейді: мРНК жіптері жасушаларды коронавирустың бетіндегі ақуыздарға ұқсас ақуыздар өндіруге бағдарламалайды. Ағза бұл ақуыздарды шабуылдаушылар ретінде танып, оларды бұғаттау үшін антиденелер қалыптастырады. Бұл антиденелер болашақта коронавирус жұқтырудың алдын алады.
Бхакдидің айтуынша, Johnson & Johnson вакцинасынан кейін тромбтар қалыптасып, өлім қауіпі жоғары болады.
Сәуір айының ортасында екпе жасатқан 7 миллионға жуық адамның ішінде 6 әйелде сирек кездесетін тромбтар табылған соң Johnson & Johnson препаратымен вакцинациялау тоқтатылды. Алайда, 23 сәуірде вакцинация қайта жандандырылды, себебі бұл жанама әсердің өте сирек болатыны анықталды. Сонымен қатар, 50 жасқа дейінгі әйелдерге бұл қауіптер туралы ескертіледі.
«Қазіргі кезде қолжетімді барлық мәліметтерге жасалған шолу COVID-19 қарсы J&J / Janssen вакцинасының белгілі және ықтимал артықшылықтары белгілі және ықтимал қауіптерден асып түсетінін көрсетті», – делінген Ауруларды бақылау орталығының сайтында.
Сучарит Бхакди айтқан вакциналардың қауіпсіздігін растайтын зерттеулер онлайн қолжетімді. Мысалы, Үкіметтің вакциналардың қауіпсіздігі туралы сайтында, АҚШ Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер министрлігінің сайтында және Вакциналардың қауіпсіздігін зерттеу институтының сайтында, Вакциналардың қауіпсіздігін бақылау орталығының сайтында.
Бүгінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы SARS-CoV-2-ге қарсы 6 вакцинаны тіркеді.
«Вакциналар COVID-19-ға қарсы күрестің маңызды жаңа құралы болып табылады және әзірлеу кезеңіне жеткен көптеген нәтижелі кандидат вакциналардың болуы үміт ұялатады. Әлем ғалымдары инновациялық тест жүйелерін, дәрі-дәрмек пен вакциналар әзірлеу үшін барынша жедел өзара әрекет етуде, бұл адамдардың өмірін сақтап, пандемияны тоқтатуы тиіс», – делінген ДДСҰ сайтында.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button