Fake News

Фейк: «Әлемдегі табысты және танымал әйелдердің барлығы трансгендерлер»

Қазақстандық Telegram-чаттарда әлемдегі барлық табысты әйелдер, соның ішінде саясаткерлер мен ірі компаниялардың бас директорлары, топ-модельдер мен атақты адамдар шын мәнінде ер болып туылғандар, бірақ олар бала кездерінде жыныс ауыстыру бойынша операция жасаған деген теория тарады. Бұған дәлелдер жоқ.

Хабарламада ірі компанияларда жоғары қызмет атқаратын әйелдердің фотосуреттерінен слайд-шоу ұсынылған. Олардың ішінде Campbell Soup бас директоры Дениз Моррисон бар. БАҚ-та оның ер бала болып туылғаны, кейіннен жынысын ауыстырғаны туралы ақпарат жоқ. Бұдан басқа, Дениз өзінің әпкесімен бірге CNN Business телеарнасына сұхбат беріп, әкесі болашақта бизнес әлемі олар үшін ашылатынына сенгенін және қыздарын дәл осыған дайындағанын айтқан.
Сондай-ақ, видеороликте HSBC Bank USA бас директоры Айрин Дорнер де трансгендер делінген. Бұған ешқандай дәлел жоқ, Дорнердің өзі де бұл туралы мүлдем айтпаған. Керісінше, оның The Cut басылымына берген сұхбатында ол өзінің әйел болып жаралғанын және ешқашан өзін ер адам ретінде сезінбегенін айтады.
– Мен білетін әйел топ-менджерлердің бәрі, біз осылай жаралып, қысымшылық көрмей ойын ережелеріне сәйкес әрекет етіп, осындай жетістікке жетіп отырмыз, не болмаса біз осы ережелер бойынша әрекет етуді және одан пайда табуды үйрендік дейді. Меніңше, бізден рөлдер ойнайтын жақсы модельдер шықпайды… және адамдар біздің жасаған ісімізді қалай жасау керектігін түсінуі үшін бұл жеткіліксіз», – деді ол. 
Видеода жыныс өзгерту операциясын жасатқаны немесе гормональды терапияға жүгінгені туралы ешқашан айтпаған басқа да әйелдердің есімдері аталады.
Дегенмен, ірі компаниялардың топ-менеджерлерінің арасында трансгендер әйелдер бар. Бұл ретте олар жыныс ауыстыруға бел буғандарын жасырмайды.
Олардың барлығы ересек кезінде гормональды препараттар қабылдап, ота жасатқан. Танымал әйелдердің көбі шын мәнінде ер адамдар деген болжам да негізсіз. Желіде жұлдыздардың бала кездеріндегі фотосуреттері мен олардың ата-аналарымен бірге берген сұхбаттары, балалық шақ туралы естеліктері көп.
Демек, бұл қастандық теориясының ешқандай дәлелі жоқ және ол белгілі фактілерге қайшы келеді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button