Fake News

Фейк: «Пандемия кезінде әлемдік Үкіметтің қастандығына байланысты бірде-бір террорлық шабуыл болған жоқ»

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде пандемия кезінде әлемде бірде-бір террорлық шабуыл болған жоқ деген пікірлерін білдіруде. COVID-диссиденттердің пікірінше, бұған әлемдік Үкіметтің қастандығы себеп. Пандемия планета халқын азайту мақсатында ойлап табылған, демек, енді адамдарды ашық түрде өлтірудің қажеті жоқ. Бұл фейк.


Біріншіден, пандемия – бұл белгілі бір жұмбақ және қорқынышты қастандықтың нәтижесі ғана деген теориялар талай рет теріске шығарылды. COVID-19 індеті бар. Оны оқшауланған, ашылған және микроскоппен суретке түсірілген SARS-CoV-2 коронавирусы тудырады.


Екіншіден, 2020 жылы әлемде бірде-бір террорлық шабуыл болған жоқ деген болжам, өкінішке орай, дұрыс емес. Былтыр теракт деп танылған бірнеше оқиға болды. Олардың ішінде Галькайодағы (Сомали) жарылыс, Дарфурдағы (Судан) шабуылдар сериясы, Ницца (Франция) мен Венадағы шабуылдар мен кісі өлтірулер (Австрия).
Қорыта айтқанда, Қазнет пайдаланушыларының әлемдік қастандық пен адамзатты жою туралы теориясы мүлдем негізсіз. Өкінішке орай, 2020 жыл терактісіз өткен жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button