Фейк: «БЕС сөз алды қосымшасын большевиктер жауыз күштерге табынудың белгісі ретінде ойлап тапты»
Орыс тілінің емле ережелері Қазнет пайдаланушыларын алаңдатуда. Кейбір адамдардың айтуынша, «бір нәрседен айырылған» деген мағынадағы БЕЗ- сөз алды қосымшасын Жын-шайтанға табынудың белгісі ретінде әдейі БЕС дегенге ауыстырған. Шын мәнінде, бұл теорияның орыс тілі орфографиясына ешқандай қатысы жоқ.
Орыс орфографиясының реформасы, қазақстандықтар Telegram мессенджерінде жазғандай, 1921 жылы большевиктер билікке келгеннен кейін жүргізілмеге. А. А. Шахматов төрағалық еткен Ғылым академиясының мүшелері 1911 жылы Николай II кезінде сөздерді жазу ережелерін өзгерту туралы шешім қабылдаған. 1912 жылы тиісті қаулы шығарылды, содан кейін басылымдар жаңа емле ережелерін қолдана отырып, басылып шығарыла бастады. Жаңа жазу стиліне көшу 1918 жылы толық аяқталды.
Орфографиялық реформа барысында сөз алды қосымшаларын жазу емлесі ғана өзгертілген жоқ, сондай-ақ I (және десятеричное), Θ (фита) және Ҍ (я) сияқты кейбір әріптер жойылды, дауыссыз дыбыстармен аяқталатын сөздердің соңында жазылатын қатаңдық белгісі алынып тасталды, жанама септіктерде кейбір сөз формалары ауыстырылды және т.б.. Орфографиядағы мұндай түзетулер жын-шайтанға табынумен және жалпы оккультизммен байланысты емес екені анық.
Мамандардың атап өтуінше, БЕС- сөз алды қосымшасының оккультизммен байланысты болуы мүмкін деген теорияға ескі славян және ескі орыс тілдерінде «бес» сөзі «бҌсъ» деп жазылғаны да қайшы келеді, мұнда Ҍ әрпі қазіргі Е әрпін беретін [Э] дыбысына сәйкес келмеді. Ескі славян тілінде Ҍ әрпі кең, ашық дыбыспен, қазіргі [а] мен [э] арасындағы дыбыс: [бяс], ал ескі орыс тілінде – жіңішке, жабық, [и] мен [э] арасындағы дыбыс: [биес].
Сонымен қатар, РАЗ-/РАС, ИЗ-/ИС, ВОЗ-/ВОС ауыспалы сөз алды қосымшалары, соның ішінде БЕЗ-/БЕС – қарапайым және қисынды ережеге бағынады. Егер сөз алды қосымшасы қосылатын сөз дауысты дыбыстан немесе ұяң дауыссыз дыбыстан басталса, онда сөз алды қосымшасында З (мысалы, безапелляционный, беззаботный) жазылады. Егер қосылатын сөз қатаң дауыссыз дыбыстан басталса, онда сөз алды қосымшасында С (мысалы, беспокойный, бессердечный) жазылады.
Қорыта айтқанда, большевиктердің, орыс тілі орфографиясы мен жауыз күштерге табынудың байланысы туралы гипотеза шындыққа сәйкес келмейді. Талқыланған ақпараттық хабарламада жалған деректер мен ойдан шығарылған теориялар ұсынылған.