Фейк ақпарат: полицейлердің жаттығуларының видеосын Беларусьтегі сайлаумен байланыстыруға тырысуда
Facebook әлеуметтік желісіндегі топтардың бірінде Қазақстанның бірқатар қаласында Беларусьтегі оқиғаларға байланысты «ауқымды оқу-жаттығулар» өткізілуде деген ақпарат жарияланды. Оған арнайы форма киген адамдардың шерумен жүріп өткен видеосы тіркелген. Ғимараттың жанында қарағандылық номері бар көлік тұр.
Stopfake редакциясы Қарағанды облысының Полиция департаментіне сауал жолдады. Ведомтсвоның мәліметінше, видео өңір аумағында Теміртау қаласында түсірілген. Бұл алдын ала жоспарланған оқу-жаттығулары.
«Үстіміздегі жылдың 11 тамызында Теміртау қалалық полициясының ескі қала бөлімі аумағында бөлімшенің жеке құрамымен жоспарлы оқу-жаттығулары өткізілді. Мұндай оқу-жаттығулар полиция қызметкерлерімен бекітілген кесте бойынша тұрақты түрде ұйымдастырылады», – деді Департаменттің баспасөз қызметіндегілер.
Еске салайық, бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін 5000 АЕК дейін айыппұл салынады немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.