Fake News

Фейк: «COVID-19 мобильді тестілеу пунктінің логотипінде Ежелгі Мысырдың өлім құдайы бейнеленген»

Қазақстандықтар COVID-19 мобильді тестілеу пунктіндегі суретті талқылауда. Кейбіреулерінің пікірінше, жүк көлігінде Ежелгі Мысырдың өлім мен мумия құдайы Анубистің суреті бейнеленген. Бұл олай емес.

Шын мәнінде, COVID-19 тестілеу үшін жабдықталған автомобиль Aardvark Mobile Tours компаниясына тиесілі. Бұл компанияның логотипі құрт-құмырсқалармен қоректенетін кішкентай сүтқоректі түтіктістінің сұлбасы болып табылады.

Бұл компанияның қайта жабдықталған жүк көліктері АҚШ-тың кейбір штаттарында пандемия өршіген кезде кеңінен қолданылды.

Сонымен қатар, компания логотипінің Ежелгі Мысырдың Анубис құдайының сұлбасымен ұқсастығы айқын емес. Әдетте Анубис шиебөрі басы бар адам ретінде бейнеленген. Оны дәстүрлі Ежелгі Мысыр стилінде – бойымен және қырынан салған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button