Фейк аккаунттар

Қазақстандықтарды алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертуде

Instagram қолданушылары алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертуде. Оны Интернетте жоқ тауарларды сатушылар пайдаланады. Бұл ретте бірден екі жақ зардап шегеді – сатып алушы және алаяқтар қылмысқа еріксіз тартқан адам.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от БЛОГ Дениса Денски (@denski_blog)

Алдымен картаға қомақты сома түседі. Содан кейін оны алушыға бейтаныс біреу қоңырау шалып, ақшаны қателесіп жібергенін айтып, қайтарып беруін сұрайды. Ол ақша аударған картаның емес, мүлдем басқа картаның нөмірін айтады. Көп жағдайда адамдар жіберушінің жағдайын түсініп, картаның деректерін тексермейді. Олар хабарласқан адамның рұқсатымен «мазалағаны» үшін өтемақы алып қалып, қалған соманы қайтарып береді.
Шын мәнінде, түскен ақша – бұл жоқ тауарға төленген ақы. Сатып алушы сатып алған затын алмаған кезде полицияға карта иесінің атына шағымданады. Өйткені, ол ақшаны нақ сол картаға аударды. Осылайша, ештеңеден күдіктенбеген ақша алушы сотталып кетуі мүмкін, ал қылмыскердің өзі – жазадан құтылып кетеді.
Бұл схема туралы алғаш рет ресейлік БАҚ 2020 жылдың басында хабарлаған болатын. Алаяқтар іс-әрекеттері жария етілгеніне қарамастан, тоқтар емес, олар жолға қойылған әдістеме бойынша Қазақстанда жұмыс істеуде.
Алаяқтардың құрбанына айналмас үшін ақша аудару кезінде әрдайым карталар мен телефон нөмірлерін мұқият тексеріңіз. Егер сізге банк қызметкерімін деп біреу қоңырау шалса, карта нөмірі, ПИН-код және CVC коды сияқты деректеріңізді хабарламаңыз. Сондай-ақ, SMS-хабарламаларда жазылған парольдер мен кодтарды да айтпаңыз.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button