Дезинфекциялаушылар ер адамды «соққыға жыққан» видео Қазақстанда емес, Қытайда түсірілген
Оқырман StopFake.kz редакциясынан бір видеороликті тексеруді сұрады. Кадрларда қорғаныс костюмдерін киген екі адамның бір ер адамды көлікке отырғызуға тырысып жатқаны көрсетілген. Кейбір қолданушылардың пайымдауынша, оқиға Алматы облысында болған.
Шындығында, видео үстіміздегі жылдың ақпан айында Қытайда, Тяньмэнь қаласында түсірілген. Ұсталған азамат карантин ережелерін бұзған. Бұл туралы SecretChina.com басылымы жазған.
Алматы облысында және Қазақстанның өзге өңірлерінде осындай бұзушылықтар үшін ұстау әрекеттері туралы хабарланған жоқ.
Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp номеріне жіберіңіз.