Фейк: «Қазақстан парадқа қатысатын әскери техниканы Ресейге берді»

Әлеуметтік желілерде жолдағы әскери техниканың видеосы таралды. Аккануттардың бірінде Ресей шеруге қажет техниканы Қазақстаннан алды деп жазылған.
Бұл фейк, техника Астанада өтетін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған шеруге бара жатыр. Бұл туралы 12 наурызда ҚР Қорғаныс министрлігі отандық БАҚ-та және әлеуметтік желілердегі парақшаларында хабарлады.
«Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған Астана қаласында өтетін әскери парадқа дайындық шараларына байланысты 13 наурыздан бастап жеке құрамды тасымалдау және әскери техниканың теміржол көлігімен де, өз жүрісімен қозғалысы басталады деп жоспарлануда.
Осыған орай еліміздің кейбір аймақтарындағы жолдардың жекелеген учаскелерінде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілуі мүмкін.
Сондай-ақ, 2025 жылғы 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында әскери авиацияның жаттығу ұшуларын жүргізу үшін Астана қаласында әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеулер қойылады.
Осыған байланысты әуе рейстерінің кестесіне де өзгерістер енгізілуі мүмкін. Біз азаматтарға рейстер туралы ақпаратты алдын ала нақтылауды ұсынамыз.
Енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарауды, жалған ақпарат таратпай, тек ресми дереккөздерге жүгінуді сұраймыз», – делінген ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми хабарламасында.
Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.