Фейк: «Саясаткерлер 1981 жылы пандемия арқылы халық санын азайту туралы айтқан»

Әлеуметтік желілерде француз экономисі және саясаткері Жак Атталидің дәйексөзі жазылған 1981 жылғы мақаланың суреті таралды. Онда 60-65 жастағы, сондай-ақ әлсіз, пайдасыз және ақымақ адамдардан құтылу керек делінген екен. Халық санын азайту үшін қолдан жасалған пандемияны ұсынады. Бұл шынымен Жак Атталидің сөзі ме, тексерейік.
Француз саясаткеріне қатысты мұндай дәйексөз интернетте 2021 жылдың жазында пайда болды. Шетелдік фактчекерлер оған бірден назар аударды.
Францияның марқұм президенті Франсуа Миттеран бұрынғы кеңесшісі Аттали 50-ден астам кітап жазған. Бірақ «Өмір болашағы» атты туындыны ол жазбаған. Бұл Мишель Саломонның француз тілінде «L’Avenir du Futur» деп аталатын кітабы. Онда Атталидің сұхбаты ұсынылған.
«120 жыл өмір сүру мүмкін бе және қажет пе?», – дейді ол.
Таралған дәйексөз осы сөздерге ұқсайды. Тек бір сөйлем ғана дұрыс жазылған:
«Біз 60-65-ке дейін өмір сүреміз, адам бірдеңе жасағаннан гөрі ұзақ өмір сүреді, сондықтан ол қоғамға қымбатқа түседі».
Аттали экономист ретінде қартайып, түрлі аурулардан баяу өлгенше, өмірді кенеттен тоқтатқан жөн деген. Ол адамдарды жасына, денсаулығына және интеллект деңгейіне қарай жоюға шақырмаған.
Ол Францияның AFP Fact Check агенттігінің сауалына да осыны растаған. Аттали «мәтін толығымен ойдан шығарылған» деді.
Оның айтуынша, «бұл «Майн Кампфты» мен жаздым дегенмен бірдей». Агенттік баспадан Жак Атталидің сұхбаты шыққан кітаптан үзіндінің көшірмесін сұрады. Қаралған беттерде бұл дәйексөз табылмаған.
Атталидің сөзі Profils médico-sociaux медициналық журналында да қате түсіндірген. «Ертеңгі эвтаназия» атты мақалада оны қарттар геноцидін қолдады деп айыптаған. 1984 жылы ол Париж апелляциялық сотында журналға қарсы жала жабу туралы сот ісін жеңіп шықты.
Жак Аттали Instagram-дағы жалған жазбада айтылғандай, пандемия арқылы планета халқының санын қысқарту туралы идеяны айтқан емес. Демек, таралған дәйексөз адамдарды шатастыру үшін ойдан шығарылған.