Fake News

Ультракүлгін сәуленің көмегімен қолды зарарсыздандыруға бола ма?

Желіде қолды сабынмен жуу микробтарды 100% жоя алмайтындығы туралы ақпарат таратылуда. Кейбір пайдаланушылар алақанымыздың тазалығына сенімді болу үшін ультракүлгін лампалар қолдануды ұсынады. Бірақ ДДСҰ сарапшылары мұндай «дезинфекция» қауіпті болуы мүмкін екендігін ескертеді.

УК-лампалар қол мен киімді өңдеу үшін пайдалы екендігі туралы фейк Super Charged Cleaning компаниясының жарнамасынан кейін шықты. Facebook-тегі жарияланымда бұл компания шығарған «ультракүлгін таяқша» бактериялар мен вирустардың 99,9%-ын небәрі 10 секундта жоя алады деп жазылған.

УК лампала бөлмелер мен заттардың беттерін дезинфекциялау үшін белсенді қолданылатынына қарамастан, сарапшылардың пікірінше, ультракүлгінді теріге және көзге жақын жерде қолдану өте қауіпті.

– Ультракүлгін сәуле терінің тітіркенуіне және көздің зақымдануына әкелуі мүмкін. Вирустық бөлшектерді кетірудің ең тиімді әдісі – қолды өңдеу үшін құрамында спирт бар заттарды қолдану және қолды сабынмен жуу», – делінген ДДСҰ сайтында.

Биыл қыркүйек айында Мәскеу мектептерінің бірінде мұғалім үзілістен кейін кварцтау лампасын сөндіруді ұмытып кеткендіктен екінші сыныптың 20 оқушысының көзін күйік шалған.

Қорыта айтқанда, ультракүлгін сәулеленуді жеке бөлмелер мен заттардың беттерін өңдеу үшін қолдануға болады, бірақ оны үйде қолдануға және қосылу тұрған лампаның жанында тұруға бомлайды.

Фейктерді әшкерелеу – біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button